Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


сұрақ. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері



бет27/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

2 сұрақ. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері
Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары, яғни жоспарлау арқылы көздеген мақсатқа қашан, қалай жету керек, қандай амал-тәсілдер қолдану керектігі анықталады. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болуы керек.
Жоспарлау үшін мынандай үш сұраққа жауап берілуі тиіс:
1. Қазір біз қандай жағдайда тұрмыз? - қолда бар мүмкіндіктерді бағалау – қаржы жағдайы, құрал-жабдықтар деңгейі, басқа да ресурстардың дайындық дәрежесін бағалау.
2. Біз қайда бет аламыз? - бәсекелестер кімдер, тұтынушылардың талабы қандай, т.б.
3. Жұмысты қалай жүзеге асырамыз? – технология қандай, еңбек ресурстарының кәсіби шеберлігі, техника, құрал-жабдықтардың жаңа технологияға сәйкестігі. Міне, осы аталған мәселелерді мұқият талдау арқылы жоспар дайындау мүмкіндігі туады.
Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі:
1. Стратегиялық жоспарлау – «стратегия» дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспар негізгі үлкен мақсатты білдіреді, оны жоғары деңгей басшылары белгілеп, бекітеді және ол ұзақ мерзімдік жоспар (4 жылдан жоғары).
2. Орта мерзімдік жоспарлау – 2-3 жылға белгіленеді, тактика мен стратегия аралығындағы жоспар.
3. Тактикалық жоспарлау – ағымдағы күнделікті жоспар, стратегияға жету жолдары.
Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу. Нарықтық экономика жағдайында негізгі жоспар – «Бизнес-жоспар» - деп аталады. Бизнес-жоспар – жоспарлау жүйесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын мақсатқа жету жолы. Бизнес-жоспар дегеніміз субъект ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсету т.б. мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндай отырып, тауарды сату немесе қызмет көрсету арқылы пайда келтіру жолдарын анықтау. Бизнес- жоспар арқылы субъект өзінің кәсіпкерлік іс-әрекетіне қаржы (инвестиция немесе несие)салуы тиіс, сондықтан бизнеғс-жобаны дайындап алын ала банкке немесе инвесторға тапсырады. Банк қазметкерлері немесе инвестор бизнес-жобаны бағалап, егер дәлелді болса, несие немесе инвестиция беруге мүмкіндік жасайды.
Шаруашылық мазмұнына байланысты жоспарлаудың түрлері өндіріс салаларына қарай бірнеше түрлі болады: қаржылық, өндірістік, өткізу-сату жоспары, нарықтың сыйымдылығын жоспарлау т.б. Жоспарлаудың ең маңыздысы, негізгі мақсатты, яғни ұйымның миссиясын білдіретін ең басты жоспар – стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспар өзгертуге, толықтыруға ыңғайлы әрі қолайлы болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет