Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет53/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
1. Ұйымда өзгерістерді табысты өткізудің шаралары. Күйзелістердің мәні.
2. Өзгеріске қарсы шығу себептері және оларды жою әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Ұйымда өзгерістерді табысты өткізудің шаралары. Күйзелістердің мәні.
Ұйымдағы өзгерістерді сәтті өткізудің шараларын 6 кезеңге бөлеміз:
І кезең – қысым және іздену. Басшы ұйым өзгерісінің қажеттілігін сезіну керек, оны өткізуге дайындалу қажет. Қысым сыртқы орта факторларында экономикадағы өзгерістермен байланысты болады. Сондай-ақ ішкі фактордың, яғни өнімділіктің төмендеуі т.б. өзгерістермен байланысты.
ІІ кезең – делдалдық және қайта хабардар ету. Басшы өзгеріс қажеттілігін сезінгенімен проблемаға дұрыс талдау жасау үшін жағдайларды объективті түрде бағалайтын сарапшыларды сырттан шақыруы мүмкін.
ІІІ кезең – диагностика және ұғыну. Бұл кезеңде басшы қажетті ақпараттарды жинақтайды, проблеманы өзгертуге тиісті жағдайдың пайда болу себебін анықтайды.
ІV кезең – жаңа шешімді табу және оны орындау міндеттемесі.
V кезең – эксперимент және ізденіс. Яғни жоспарланған өзгерістерді сынақтан өткізу.
VІ кезең – қуаттану және келісім. Бұл кезеңде осы өзгерістерді қабылдаулары үшін адамдарды марапаттау қажет, өзгерістердің тиімді екендігі туралы көз жеткізу.
Жиі кезесетін құбылыс әрбір адам жұмыс барысында немесе жеке өмірінде күнделікті күйзелісті бастарынан кешіріп отырады. Тек шектен асқан күйзелістер жеке адамдар мен ұйымдар үшін мәселе тудырады. Күйзеліс мынадай сипаттарға ие болады:

  1. физиологиялық жүрек ауруы, мигрен белгілерімен көрінеді

  2. психологиялық күйзеліске – депрессия, тез ашулану, басқа адамдармен қарым-қатынастың төмендеуі белгілерімен анықталады.

Күйзелістің пайда болу себептері екі түрге бөлінеді:

      1. ұйымдық факторлар,

      2. тұлғалық факторлар.

Ұйымдық фактор - ұйымдағы күйзелістің негізгі себеп жұмыс барысында шектен тыс ауырлықтың түсуі немесе өте жеңіл және аз жұмыс жасауымен сипатталады, мұнда жұмыс кезіндегі адамның өзара түсінбеушілік және қызмет барысында өндірістің талаптардың нақтыланбаған жағдайда пайда болады.
Тұлғалық факторлар – көптеген адамдар өмірінің көп бөлігін жұмыста өткізеді. Олардың әрбіреуі, қызметтің әртүрлі түрлеріне қатысады және ол қызметтер ұйымға байланысты болмауы да мүмкін. Осындай жеке оқиғалар күйзелістің пайда болуының себебі болуы мүмкін.

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет