Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


«Стратегия» гректің - «генерал өнері»



бет28/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
«Стратегия» гректің - «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - ұйымдағы жаңадан жетілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық дайындау.
3 сұрақ. Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден және нақты деректермен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу үшін фирма сапс, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5. Стратегиялық жоспады жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажетболған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарастыру қажет, сонда ұзақ уақыт бойы фирманың қызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.
Стратегияның негізгі екі типі болады:
- тікелей стратегия - ұйымның негізгі мақсатын анықтайтын бағдарлама
- жанама стратегия - жұмыс барысында кездескен жағдайларға, сыртқы ортаның әсеріне бейімделу немесе қарсы іс-әрекеттер қолдану. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Тікелей стратегия ұйымның институционалды деңгейінде дайындалады (алқа кеңесі, төрағалар кеңесі т.б). Әр бөлімдер өз стратегиясын ортаңғы басқару буынында қарастырады. Төменгі буында өздеріне тиісті міндеттер орындалады. Ұйымның негізгі мақсатына жету үшін басқару құрылымының үш деңгейінде де әрбір менеджер өзінің жеке стратегиясын, яғни корпоративтік стратегияны орындау көзделген.
Корпоративтік стратегия 4-ке бөлінеді
1. Өсу стратегиясы – сату көлемінің өсуі, өндіріс қуатының ұлғаюы, бұл жағдайда өсудің проценттік шамасы ұлттық табыс пен инфляциядан жоғары болуы керек.
2. Тұрақтылық стратегиясы – ұйымның нарықтағы орнының тұрақтылығы, акционерлердің пайдасының үнемі ұлғайып отыруы, өндіріс екпінінің артуы, әлеуметтік жағдайды жан-жақты қамтамасыз етіп отыруы.
3. Қорғаныс стратегиясы – қиын жағдай туындағанда өнімнің біразын сатып, екіншісін дамытып, қиындықтан шығу жолын тез арада ұйымдастыра білу.
4. Құрама стратегия – бір ұйымда негізгі өндіріс екпіні төмендеген жағдайда басқа қолайлы қызметтерді дамытуды жалғастыру (қонақ үйі, дәмхана, т.б.). Бұл жағдайда біртекті стандартты жоспар ұсыну мүмкін емес, әрбір ұйымның өзінің ерекше жағдайына байланысты іс-әрекеттер қолдану күрделілігі туындайды. Әрбір кәсіпорын көздеген мақсатына жету үшін тиімді менеджмент стратегиясын белгілеп, сол бағытта жұмыс атқаруы тиіс.
Тиімді менеджмент стратегиясы:
- жаңа өнімдер мен көрсетілетін жаңа қызмет түрлерін ойластыру;
- жаңа нарықтарды іздестіру;
- тұтынушылар үшін сервисті жақсарту;
- тиімді технологияны ойластыру;
- өнімнің сапасын жақсарту;
- тарату тәсілдерін жақсарту;
- өндірісті және өсімді ұлғайту;
- табиғи ресурстарды молайту;
- күрделі қаржының қайтарымын және пайданы молайту - өнімнің және қызметтің мүмкіндігін арттыру.

1

8 дәріс. «Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде».

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет