Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет50/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
2.Демократиялық әдіспен басқарушы аса жоғары деңгейдегі қажеттілікке сүйенетін ықпал ету жолдарын көздейді.
Ол қажеттіліктер:

  • Керек жараққа қажеттілік;

  • Автономиялар;

  • Ойын өзінше жеткізу қажеттігі. Бұл жағдайда бағынушылар шешім қабылдауға белсене қатысады және тапсырманы орындау барысында кең бостандыққа ие.

3.Либералдық әдіспен басқарушы бағынышты қызметкерлерге өз мақсаттарын анықтап алуларына мүмкіндік туғызады және олардың жеке жұмыстарын бақылауларына толықтай бостандық береді.
Басшылар екі топқа бөлінеді:

  1. Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар;

  2. Адамға көңіл бөлетін басшылар.

Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар ең алдымен жобалау мақсатының қамын көбірек ойлап, сыйлық арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады.
Басшы мен ұжым арасындағы қарым-қатынастар:

  • Бағынышты адамнан күтетін нәрсенің түсініктемесі;

  • Бағынышты адамды қолдап, олардың өздерін еркін ұстайтынына көздерін жеткізу;

  • Бағынышты қызметкердің күш-жігерін көздеген мақсаттарға жетуге бағыттау;

  • Басшының қол астында тұрған және ол қанағаттандыра алатын қажеттіліктерді бағалауға жағдай жасау;

  • Мақсатқа жеткеннен кейін бағынышты қызметкердің қажетін қанағаттандыру.

Ғалымдар басқару тәсілдері екі түрде болатынын дәлелдеді:

  1. Қолдау тәсілі, яғни адамдарға бағытталған немесе адамгершілік қатынастар.

  2. Инструментальді тәсілі, бұл жұмысқа немесе міндетке бағытталған.

Бұлар мына факторларға байланысты:

    • Бағынышты қызметкерлердің жеке өзіндік қасиеттері;

    • Ортаның әсер етуі.

2 сұрақ. Басшылық стилі туралы түсінік және олардың түрлері, оны қалыптастыру факторлары
Жетекшінің жұмыс стилі - басқару процесінде жетекшімен қолданылатын және оның іс-әрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын қайталанатын әдіс пен басқарушылық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы.
Басқа жағынан, бұл әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық қатынастардың адамдармен жетекшілік ету процесіндегі жеке түрдегі іске асыру формасы
Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мәдениеті, білімі, тәжірибесі көрініс табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық климатына елеулі әсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста, тіпті оны кей кезде басқарушылық қызметтің «жазуы» деп те атайды.
Жетекшілік стилінің бірнеше класификациясы бар. Бірінші және кебіне белгілі классификация - бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер.
Авторитарлы (директивалы) стиль жетекшінің ролін асыра пайдаланумен байланысты. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес, күштеу әдістерімен іске асырылады.
Өкінішке қарай, қазіргі заманғы жас басшылардың кепшілігі осылай ойлайды және өткен стильді таңдайды. Бұл стиль үлкен білікті қызметкерлер ұжымында төмен нәтиже береді.
Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік аркалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады.
Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады. Басшының стилімен жұмысты жетілдіруге болады. Жақсы басшы - жақсы психолог. Огайо және Мичигана университеттерінде (АҚШ) жүргізілген зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық әдісін жасауға әкелді. 1996 ж. Р.Блейк пен Дж.С.Моутон жасаған басшылық стильдерінің матрицасы басқаруға екі қатынастың әр түрлі комбинацияларының өзара үйлесуін береді: адамдарға қамқорлықпен және өндіріс үрдісіне күш сала отырып басшылық жасау.
Матрица дегеніміз - әр қайсысын 9 бөлікке бөлген 2 шкаланың қиылысуы болып табылады. Тігінен ұжымды басқарудағы адамдарға қамқорлық дәрежесі, ал көлденеңінен өндірістік үрдіске басшылық жасау дәрежесі қойылады. Барлығы 81 үстын (9x9), яғни басқару стилінің 81 нұсқасы алынады. Компанияны басқару кезінде мінез-құлық нұсқауларының әрқайсысын аталған матрицадан алынған кез келгенімен салыстыруға болады. Р.Блейк пен Дж. С. Моутон матрицаның 5 шеткі және неғұрлым тән ұстынын сипаттады.
1. Авторитарлық басшылық. Бұл ұстын басшысы өндіріс туралы қамқорлық болып табылатын және ешқандай әлеуметтік қызметті мүлдем жүзеге асырмайтын менеджерлерге тән. Олар қызметті жанама нәтиже деп таниды. Олардың есептеуінше, басқару шешімдерінің сапасы ол қабылдаған бағыныштылардың қатысу дәрежесіне тәуелді емес. Осындай менеджерлерге тән оң бөлігіне жоғары жауапкершілік деңгейі, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық қабілеті, жеке-дара мүмкіншіліктер тән. Бірақ мұндай басшылар мен бағынушылар арасында үнемі қашықтық сақталады, тікелей байланыс пен өзара түсіністік жиі қалыс қалады, топтык тәртіптің қанағаттанарлық деңгейі ғана сақталады.
2. Әлеуметтік басшылық (либералдық стиль). Бұл ұстын өз бағыныштыларына айрықша назар аударатын басшыларға тән. Мұндай менеджерлер табыс негізін ұжымдағы сенім, өзара түсіністік ұстау деп санайды.
3. Өндірістік-әлеуметтік басқару (ымырашылдық стиль). Бұл ұстын адамдар туралы қамқорлықтықты өндіріс туралы қамқорлықпен үйлестіре білетін басшыға тән. Мұндай менеджердің есептеуінше, барлық жағдайда ымыра-жақсы шешім, ол нәтижелі басқаруға негіз. Шешім қабылдау үрдісіне бақылау жасау.
Жетекшінің екі түрі болады:1. Инструменттік жетекші— адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жүмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді. 2. Эмоционалдық жетекші— бұл маңдай алды жақсы адам.
Өндіріс үрдісіндегі бақылауды жүзеге асыруға жұмысшылардың өтемақысы болып табылады. Мұндай белгілердің басшылардың сән белгісі тұрақтылақ, бастаған ісіне құлшыныс, ойлаудың стандарттық еместігі, алға басушылық көзқарастар. Бірақ, өікінішке қарай, көзқарастардың алға басушылығы басқару стилінің өзіне тікелей аз таралады.
4. Қарапайым басшылық немесе «жұмыстағы демалыс» (ұйымшылдықты бұзу, берекені кетіру: барлығын уыстан шығарып алу). Бұл ұстын өзінің бағыныштыларына да, өндірістік үрдіске де салқын, салғырт қарайтын басшыға тән. Оның есептеуіншe, басқарушы үнемі сырттай сарапшының жәрдеміне жүгіреді. Ол, бәрінен бұрын, «өз портфелі кең креслосының сақтаушысы» ғана.
5. Әміршіл басшылық немесе «бете-бет» басшылық «демократтық, мұратшылдық стиль). Бұл ұстын адамдар мен өндіріске ұқыптылықпен қарайтын басшыға тән. Ол әлеуметтік саясат саласында да, өндірісте де күштеуге тырысады.



1

14 дәріс. «Дауларды және стресстерді басқару».

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет