Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


Ресми міндеттер рухы, сол арқылы ресми адамдар лауазымдық міндеттерін орындайды. 5



бет33/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

4. Ресми міндеттер рухы, сол арқылы ресми адамдар лауазымдық міндеттерін орындайды.
5. Нақтылы техникалық мамандық талаптарына сәйкес жұмысқа жалдауды жүзеге асыру.Қызметшілердің өндірістен шығарылуын қорғау.
Бюрократтық құрылымның кемшілігі – стандарттық ережелердің, процедуралар мен нормалар мәнділігін, қызметкерлердің өз міндетін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуді, осы ұйымдағы басқа да бөлімшелердің тапсырманың орындауын талап етуді, сондай-ақ клиенттер мен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуді асыра сілтеушілік.Мұның өзі іс-қимылдағы икемділіктің әлсіреуіне әсер етеді.Икемділіктің жойылуы ұйым ішіндегі қызметкерлердің қарым-қатынасында да пайда болуы мүмкін.
3 сұрақ. Ұйымдық құрылымға қойлатын талаптар
Ұйымдық құрылымдық қалыптастырған кезде, отандық және шетелдік көп жылғы басқару практикасында оны құрудың ұйымдық принциптерін (ережелерін) басшылыққа алу қажет. Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен (жұмыскерлердің өкілеттілігі, олардың жауапкершілігі мен өзара қарым-қатынас т.б.) сипатталады, сондықтан да құрлымда қалыптастырған кезде оған ықпал ететін факторды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісті принцптерді талап ету қажет. Басқару обьектісі неғұрлым күрделі болса, қалыптастыруда принциптер (ережелер) соғұрлым зор роль атқарды, ал мұның өзі құрылымды тиімді ұйымдастыруға сай келуі тиіс.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына төмендегілер принциптер қолданылады.
1.Жарлық беру мен дербес жауапкершілік принципінің тұтастығы.Бұл қосарлы бағыныштылықты және қарама-қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды.Әрбір буында (орындаушыда) тек бір ғана басшы болуы, әрі тек соған ғана бағынып, тікелей соның өзінен шешім алу қажет.Оның үстіне басқарушы звено екі обьектіні бір мезетте ойдағыдай басқара алмайды.
2.Сызықтық және қызметтік басшылықтың аралығындағы дәл шекараны анықтау принципі. Сызықтық басшылық өндіріс өнімдерін басқаруды жүзеге асыруы, ал қызметтік сызықтық басшылыққа жәрдем көрсету, оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т.б. жабдықтау тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет