Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


сұрақ. Мотивацияның мазмұндық теориялары



бет36/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

2 сұрақ. Мотивацияның мазмұндық теориялары
І. Мотивацияның мазмұндық теориясы – адамдардың көздеген мақсатына қарай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптану арқылы қажеттілікке жетуге негізделген. Бұл теорияның өкілдері А.Маслоу, Д.Маккеланд, Ф.Герберг және т.б. жатады. Мотивацияның маңызды теориясы қажеттілікке байланысты үшке бөлінеді.
1. Абрахам Маслоудың қажеттілік иерархиясы.
2. Герцбергтің екі факторлы теориясы.
3. Мак Клелландтың қажеттілік құрылымы.
1.Ағылшынның психолог-ғалымы Абрахам Маслоу адамдарда негізгі екі түрлі қажеттілік болатынын зерттеп, дәлелдеген: бірінші қажеттілік – физиологиялық, екіншісі – психологиялық қажеттіліктер.
Физиологиялық қажеттіліктің өзі екіге, ал психологиялық қажеттіліктер үшке бөлінеді. Бұл зерттеу «Абрахам Маслоудың қажеттілік иерархиясы» деп аталады, оны схема түрінде былай көрсетуге болады:
 Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін қажет. Бұған адамдардың тыныс тіршілігі үшін, ауа, су, тамақ, баспана, демалу, сияқты қажеттіліктер жатады.
 Қауіпсіздік, қорғану қажеттілігіне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі және болашақтан қорғану (білім алу, мамандық игеру) жатады.
 Әлеуметтік қажеттілік – бір затқа немесе адамға қатысты сезім, адамдардың қарым-қатынасы, материалдық және рухани қажеттіліктер.
 Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың өзін құрметтеуі, өзіне қатысты адамдарды, заттарды құрметтеу қажеттілігі.
 Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің жеке басының өсіп жетілу, барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі, бұл қажеттілік барлық адамдарда көріне бермейді, себебі өзін-өзі көрсетудің өзі қажеттіліктен ғана туындайды (Мысалы, ақындық, сазгерлік, т.б. жағдайлар) .
2.Герцбергтің екі факторлы теориясы екіге бөлінеді:
 Гигиеналық факторлар – жұмыс жағдайы, еңбек ақы, әріптестердің өзін мойындауы.
 Мотивациялық факторлар – қызмет бабымен жоғарылау, жұмыс нәтижесін сезіну, жоғары жауапкершілік және іскерлік мүмкіндігі.
3.Мак Клелланд Абрахам Маслоудың теориясын қолдай отырып, адамдарға үш түрлі қажеттілік тән деп есептеген:
 билікке құштарлық – билікке құштар адамдар жан-жақты білімді,
сөйлеу шеберлігі, адамдарға ықпал ету қабілеті жоғары болғандықтан билікке, жетекшілік етуге ұмтылады, басшы осындай адамдарды басшылыққа тағайындап, оның қажеттілігін өтеу арқылы ұйымның мақсатына қол жеткізеді.
 жетістікке, табысқа құмарлық – кейбір адамдардың орындаушылық қабілеті жоғары, мақтау сүйгіш, елгезек, қамқоршыл болады мұндай қасиетте қажеттіліктен пайда болады,
 қатыстылық – адамдардың қарым-қатынассыз өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан қарым-қатынас қажеттілігі туындайды, сондықтан менеджерлер жұмыс арасында адамдардың бір бірімен пікір алмасуына мүмкіндік жасайды (қысқа үзілістер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет