Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет39/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

4. Бақылауды ұйымдастыру формалары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Бақылау функциясының түсінігі.
Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі, яғни белгіленген жоспар жұмыс барысында туындаған жағдайларға байланысты ойдағыдай нақты орындалмауы мүмкін. Ұйымдастыру іс-әрекеттері қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделе білуі тиіс. Басшы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін анықтау үшін өз қатесін және қызметкерлерінің қателіктерін байқауы үшін жұмыс процесін үздіксіз бақылап отыруы тиіс.
Бақылау дегеніміз ұйым жұмысының қорытынды нәтижесі. Бақылау - ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі және қолда не барын, қандай жетістікке жеткендігін, не керектігін ұдайы салыстыру. Басшылар бақылау функциясының мақсаты мен міндетін айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап бақылау жүргізіп отыруы тиіс. Бақылау дағдарыс жағдайының пайда болуынан алдын ала сақтандыр уүшін қажет. Ұйым ішіндегі жағдайды, пайда болғанн қателіктер мен түрлі мәселелерді дер кезінде түзетіп, дұрыс арнаға бағыттамаса, кейіннен оны қалпына келтіру қиынға соғады.
Бақылау - басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы. Бақылаудың басты принциптерінің бірі - бақылау ұйымды тұтастай қамтуы тиіс. Бақылаудың келесі принципі, ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқару функцияларын бақылаудан бөлек қарастыруға болмайды.
Бақылау технологиясы:
1. Бақылау концепциясын талдау – нені, қалай бақылау қажет және кім бақылайды.
2. Бақылау мақсатын анықтау – бақылаудың мерзімі, реттілігі, тиімділігі.
3. Бақылау нормасы – этикалық, құқықтық, өндірістік ж.т.б.
4. Бақылау әдістері – диагностикалық, ағымдағы, соңғы-қорытынды.
5. Бақылау ауқымы – толық-жаппай бақылау, кейбір бөлімді немесе жұмыс түрін бөліп алып бақылау, қаржылық бақылау, өнімнің сапасын бақылау, еңбек өнімділігін бақылау ж.т.б.
2 сұрақ. Бақылаудың түрлері
Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет