Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары



бет27/30
Дата06.03.2023
өлшемі114,61 Kb.
#71999
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны

Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. Таным проболемасының философияда қойылуы, соған сәйкес қалыптасқан түрлі философиялық ағымдар.

  2. Таным үдерісінің мәні, күрделігі мен қайшылығы.

  3. Танымның субьектісі мен обьектісі, олардың диалектикасы.

  4. Тәжірибенің мәні, оның таным үдерісіндегі орны.

  5. Таным үдерісінің диалектикасы.

  6. Сезімдік таным, оның формалары.

  7. Логикалық таным, оның формалары.

  8. Ақиқат ұғымы. Ақиқатқа жетудегі жаңылу мен жалғанның айырмашылығы.

1

№14
дәріс

Дін философиясы
Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев). Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламныңқалыптасуы, догматикасыжәнетарихиформалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи). Неміс романтизм өкілдерініңдінифилософиялықконцепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни философиясы.

Философия тарихындағы адам мәселесі, оның пайда болуы, қалыптасуы және адамзаттың дамуының, антропосоциогенез процессі, табиғаттың қайталанбас туындысы - адам мәселесін шешуде, әртүрлі тәсілдердің бар екенін көрсетеді.


Ежелгі Қытай, үнді, сонон соң антикалық философияда адам бір жағынан табиғаттың, космостың органикалық бөлігі ретінде, екінші жағынан -"объективтік өлшемі " (Протогор) десе, Сократ адам жанына, адамгершілік сапасына, дүние заттары мен идеядан айырмашылығына көп көңіл аударды. Демокрит, Эпикур және Лукреций адамның таза табиғи болмыстығын нығайтады. Ал, Платон болса, адам табиғаттың объективтік мәңгілік идеяларымен анықтайды. Аристотель осы дуализмді шешуге ұмтылып адамды "әлеуметтік жануар" деп жар салды. Ортағасырда жанды мәңгілік деген діни идея арқылы адам тұлғасының өзіндік мәні және адамзаттың рухани тұтастығы жоққа шығарылды. Қайта өрлеу заманында адам табиғаттың ұлы туындысы екеніне сендірді. Жаңа заманда адамның екі жақты табиғаты - рухани мәнінің негізгі және материалдық қасиетке ие екенін мойындады. Мұндай идеяларды Декарттың, Спинозаның, Гоббстың ілімдерінен де табамыз. XIX ғ. Француз материалистері және т.б. адамның табиғи - жаратылысына акцент жасай отырып, оны субъект ретінде табиғат заңдарына толық бағындырады. XIX ғ. Немістің классикалық философиясының позициясында адам абстрактілік - логикалы рухани мәнге айналды. (Кант, адамды диалектикальіқ тұрғыдан ұғынды, ал Гегельде ол логикалық - рационалдық ұғым). Л.Фейербах өзінің философиясында рух пен дене арасындағы үзілісті жояды, бірақ адамның қоғамдық сипатын оның шешуші және ең басты мәні екенің түсінбеді. Адам мәселесі персонализм және экзистенцализм ағымдарында да қаралды. Онда жаңа тұрғыдан адам еркі және оның өмірдегі таңдауы мәселесі қойылды, және ол аса жемісті шешілді. Маркизм теориясында адам әрқашан нақты, тарихи анықталған әлеуметтік тұтастыққа-тапқа, ұлтқа және т.б. жатады. Адам бүкіл қоғамдық қатынастың жиынтығы деген пайымдау, оның биологиялық жан, табиғаттың ең жоғарғы жемісі екенін жоққа шығармайды. Адам табиғаттан тыс ғажайып күштің сынығы немесе туындысы емес, материалдық, заттық дүниенің бөлігі, әр мезетте денелік те , рухани да жан.
2.Адамның үш түрлі өлшемі бар:
1 .биологиялық
2.психологилық
3.әлеуметтік
1.Билогиялық өлшем адам организмі, яғни түр бейнесі, құрылымын(морфология), оның орындайтын қызметін, генетикалық негізін, ми, жоғарғынерв жүйесін қамтиды.
2.Психологиялық - адам ішкі жан дүниесі, онда жүріп жатқан саналы жәнесанадан тыс құбылыстар мен процестер, адам еркі, сипаты мен темпераментікіреді.
3.Әлеуметтік өлшем - бұл адамның ашушаңдығы, ақырын сөйлейтіндігісекілді ерекшелігі емес, ол адамның іскерлігі, не ұры болса,не ұлтшыл неинтернационалист болса, парақор не еңбек озаты болса, біз одан осы қоғамдағы орны мен қызметінің, адамшылдық қалпынын қандай екенің аңғарамыз, яғни әлеуметтік өлшемінің сипатын білеміз.
Адамның ақыл - ойы мен сезімі - өте күрделі биологиялық-психологиялық -әлеуметтік құбылыс. Оның материалдық биология тұрғысынан зерттеуге болады, бірақ мұнымен оны пайда болу жолын әлеуметтік және психологиялық өлшемдер түсіну мүмкін емес.
Эндогамия: 1) Адамзаттың денсаулығына зиян келтірді.
2.Тұқымның өсіп дамуына зиян келтірді.
3.Түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың болашағына зиян келтірді.
"Адам" ұғымы барлық адам тегіне тән қасиеттің жалпы белгісін бейнелейді. Адам-қоғамдық қатынастың жемісі мен субьектісі. "Жеке адам" (Индивид) ұғымы (адамзат тегінің бірі) осының біріншісіне назар аударды. "Даралық" (Индивидуальность) ұғымы әр адамның айырықша қайталанбас, өзіндік ерекшелігін, басқаларға ұқсамайтындығын білдіреді: "Кісі-тұлға" ұғымдары (жеке адамның белгілі бір қауым мүшесі ретіндегі әлеуметтік мәнді, тұрақты сипаты) бірінші кезекте нақты адамның қоғамдық өмірдегі белсенді субьектілігін анықтайды. Жеке адам кәмелетке жеткен шақта кісі немесе тұлға болып қалыптасады. Мысалы, бала-адам, жеке адам, бірақ ол әлі кісі-тұлға емес. Бұл қасиеттер соңынан қалыптасады. Даралық және кісілік ұғымдарының мағыналық жақындығы (кісі әрқашан дара, дара адам-кісі) бұл ұғымдарды бір мәнде, бірін-бірі алмастыратын сөздер ретінде қолдана беруге әкеледі. Сонымен қатар, бұл ұғымдардан "адамның әлеуметтік мәнді сипаты" деген әртүрлігін байқауға болады. Бұл сұрақтар егжей-тегжейлі семинар сабағында қаралады.
Өмірдің мәнін қарастырғанда, адамның дүниедегі орны түсінігі тереңдетіледі. Өмірдің мән-мағынасы адамның дүниедегі адамға қатынасы оларды танудағы процесті барынша қиындатады, ерекше жаттығуды талап етеді және әлеумет әдістер жолдарын жиынтығын ашу үшін принциптер керек қылады. Гносеологияның бір талабы-тану процесіне диалектикалық тұрғыдан келу, оның білімсіздіктен толық емес білімге өтуіне, одан ары одан да толық және анық білімге жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет