Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет29/62
Дата16.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74796
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. Іс-әрекет туралы қандай психологтардың еңбектерін білесіз?

  2. Заттың іс-әрекет пен ақыл-ой әрекетінің арақатынасы қандай?

  3. Іс-әрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар?

  4. Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.

  6. Зимняя И. А. Педагогическая психология. Учебник для вузов. Изд. второе, доп., испр. и перераб. — М.: Издательская корпорация «Логос», 2000. — 384 с




1

№7 дәріс

Тақырып: Түйсік және қабылдау - психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Түйсік және қабылдау.
2.Түйсіктің түрлері және қасиеттері.
3.Қабылдаудың физиологиялық негізі.
4.Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Адам психикасындағы қабылдаудың орны.
Түйсік деп - қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге эсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді.
Түйсік заттың сезім мүшесіне эсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі - денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің эсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат.Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі. Ми қыртысындағы өткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов талдагыш (анализатор) атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бөлшектерінің сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның сезім мүшесі толық сақталса да көруден немесе естуден қалады.
Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) мүше - бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; э) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік жэне эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың объективік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың эсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды. Беркли, Юм, Мах т.б. оқымыстылардың айтуынша түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады деп тұжырымдайды. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер мен иероглифтер, символдар болып шығады.Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет