Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет39/62
Дата16.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74796
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

Зейінділіктің қалыптасуы
Зейінділік адамның қасиеті ретінде зейіннің өз қалауынша бағытталып, оны ұстау кезінде білінеді. Ұзақ уақыт бойы зейіннің қадалушылығына жетіп, оны алаңдауға бермеу үшін тырысу керек. Көңілді алаңдататын қозулармен күресу ырықты зейіннің алдында тұрған ең қиын мәселелердің бірі.
Ырықты зейін өте күшті тікелей қозулардың әрекетін жеңеді. Зейінді алаңдататын күшті қозулардың әрекетін зерттеу үшін ғылыми тәжірибелер жүргізілді. Олардың барысында аз-кем күрделі жұмысты орындау шарты болды. Келесі күшті кедергі қозулар қосылды: қоңыраулар, төмен ұшып өтетін реактивті ұшақтың дыбысы, жақын арада циркуляр арасының шықырлатуы, музыкалық орталық, көңілді музыка. Нәтиже бойынша, зейіні жақсы ұйымдастырылған адамдардың жұмысы осы сияқты жағдайларда да, тынық жағдайда да тез және жақсы өтеді. Ырықты зейінге бағытталмаған қозулар тежеледі, тоқталады. Көңілді алаңдататын қоздырғыштардың зейінді әсері олармен күрес жүргізуге көп күш кететінін көрсетеді. Сондай сияқты жағдайларда жұмыс істеу күнделікті жұмыстарға қарағанда адамды шаршатады. Кедергілерге қарамай жұмысқа берілу үшін адам бұлшық еттің ширығуына келеді, жұдырықтарды қысады, кейде басын қолымен қысады, кенет басын сілкиді, көп адамдар бұл жағдайда бұл жағдайда ойланады, әңгімелеседі, сыбырлап немесе естіртіп есептейді.
Қатты қызықтыратын немесе сезімге әсер ететін нәрсе зейінді бәрінен артық алаңдатады. Машиналардың тарс еткен дыбысына көршілердің көңілді әңгімесіндей қатты мән берілмейді. Бұл әңгіме сыбырлап айтылса да музыканы жақсы көретін және түсінетін адамдар үшін соңғысы-қоздырғыштардың ең күштісі.
Адамның көңілді алаңдататын қозуларға қатынасы маңызды рөл атқарады. Көрші бөлмедегі шу абыржытады, осыған байланысты пайда болған өкініш, ыза шудан гөрі жұмыстан көп алаңдатады. Кедергіні жоя алмасаң, оған қарай байсалды болу қажет. Бұл осы жағдайды жеңетін жалғыз ғана сенімді психологиялық тәсіл.
Көп адамның зейінінің ең жақсы шоғырлануы жайбарақат жағдайда, оңашада, тыныштықта, әр қилы күшті, алаңдататын қоздырғыштар жоқ болған кезде болады.
Жоғарыда айтылған адамдардың жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар дағдыларға тәуелді. Әсіресе адам өз зейінінің ерекшеліктеріне байланысты. Осы ерекшеліктерге қарамай, зейін кез-келген кедергілерді жеңіп шығу үшін тәрбиелену керек.
Кейбір сирек кездесетін қабілеттері бар адамдардың өнімділігінің төмен болуы нәзік, өз бетімен жіберілген, алаңдататын қозуларды жеңе алмайтын зейінге байланысты. Зейін сияқты дамымаған жеке ерекшелігі бар адамдар өмірінде жұмыстарына ештеңе кедергі болмайтын сәтті бекер күтуінде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет