Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет23/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Кәсіпқой емес мамандар
АҚШ-тағы көптеген жұмысшылар кәсіпқой маман емес. Кәсіби емес мамандықты игеру үшін қысқа мерзімді білім алу жеткілікті. Оларда автономия құқығы үшін өзіндік білім алу мен лицензиялық стандарттар болмайды. Қоғам оларды тек ар-намыс кодексін сақтап, игілік үшін қызмет етеді деп санамайды. Алайда кәсіпқой емес мамандар жасаған жұмыс сапасыз деуге келмейді. Кез келген жұмыстағы сияқты кейбірі білікті, сенімді және өз ісіне адал болса, ал кейбіреулері тек уақыт өткізу үшін жүреді.
Кәсіпқой емес мамандардың жұмыс орындары әртүрлі болады: бұл – дүкен менеджерлері, шағын кәсіпкерлік иелері және автомеханиктерден бастап есік алдын тазалаушыларға, терімшілер мен қоңырауға жауап беретін операторларға дейінгі қызметті қамтиды. Бірі қара күшке сенсе, екіншісі ақылына сүйенеді. Кейбірі өз бетімен жұмыс істесе, енді бірі қатаң бақылауда жұмыс істейді. Біреулері (мысалы, электриктер) кәсіпқой мамандардан (мысалы, қоғамдық қорғаушылардан) көбірек табыс табады. Сондықтан олардың жұмыстарына біржақты қарау қиын.
Дегенмен кәсіпқой мамандарға қарағанда, кәсіпқой емес мамандардың табысы, қоғамдағы дәрежесі және қауіпсіздігі әдетте төмен болады және олардың жұмысы қатаң бақылауда әрі жалықтыратын сипатта болып келеді. Сонымен қатар кәсіби емес жұмыс орындары қызмет көрсету секторына (үшінші) жатады: өткен жылдармен салыстырғанда, АҚШ тұрғындарының айтарлықтай аз бөлігі қазір фабрикалар мен зауыттарда жұмыс істейді; есесіне гамбургер дайындаушылар, кредиттік карталар компанияларының қарыздарын жинаушылар мен мейірбикелердің көмекшілері болып істейтіндер көбейген. Сонымен қатар, адамдардың көбі бір емес, бірнеше жерде жұмыс істегенімен, лайықты өмір сүруге қажетті табыс таба алмайды.
Көбінесе көзден таса қалып жататын жұмыс түрі - көлеңкелі экономикалық кәсіптер. Бұл - экономиканың жұмысшылар мемлекеттік бақылаудан жасырынуға мәжбүр болатын бөлігі. Оған жөзекшелік, Gucci-дің жасанды сөмкелерін тігіп сату, есірткі мен темекі контрабандасы сияқты заңсыз әрекеттер жатады. Сонымен бірге оған жұмысшылар немесе жұмыс берушілер мемлекеттік талаптарға сай болғанда заңды деп танылатын жұмыс түрлерін де жатқызуға болады. Мысалы, жергілікті азаматтар қандай да бір лицензиясыз мердігер бола алады. Ал құжатсыз иммигранттар қүрылыс нысандарында визасыз жұмыс істейді, ал заңды иммигранттар мемлекеттік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін тігін цехтарында еңбек ете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет