Кәсіп түрлері Сіздің мамандығыңыз өміріңізге әртүрлі жолдармен эсер етеді. Осы ретте біз кәсіби және кәсіби емес жұмыстың басты айырмашылықта- рын, сондай-ақ «астарлы экономиканы» талқылаймыз.
Кәсіпқой мамандар -жоғары кәсіби даярлықты талап ететін, айтарлықтай жеке дербестігі қамсыздандырылған және қоғамның сеніміне ие мамандар.
Кәсіби мамандық Ең беделді маман - кәсіпқой маман. Әлеуметтанушылар кәсіпқой маманды үш сипаттамаға сәйкес келгенде мойындайды:
дербестік;
жоғары кәсіби дайындық;
қоғамдық сенім.
Біріншіден, жеке білім беру және лицензиялау стандарттарын белгілеу, сондай-ақ біліксіздігі мен лауазымдық құқық бұзғаны үшін кәсіподақ мүшелерін жазалау әрекеттерін атқару үшін кәсіпқой мамандықтың дербестігі болуы керек. Мысалы, дәрігерлерді біліксіздігі үшін айыптайтын лицензиялау кеңестерін емделушілер емес, дәрігерлердің өздері құрады. Екіншіден, кәсіпқой маманның кеңейтілген жүйелі дайындық арқылы алынған техникалық, мамандандырылған білімі болуы керек. Мысалы, заңгерлер де, автомеханиктер де мамандандырылған білім алуы тиіс. Бірақ заңгерлер бірнеше жыл бойы оқуы керек болса, автомеханиктерге бірнеше айлық білім де жеткілікті. Үшіншіден, кәсіпқой маман ар-намыс кодексін сақтап, қоғаммен санасуға міндетті. Оның табыс табу үшін емес, игілік үшін қызмет етуі маңызды. Мысалы, қоғам көптеген министр, дәрігер және заңгер жеке табысын мемлекеттік қызметтен жоғары қойғанын түсінгенімен, барлығы бірдей мұндай әрекетке бара бермейді деп санайды.
Кәсіпқой мамандардың алатын марапаттары да әртүрлі болады: мұғалімдерге қарағанда дәрігерлердің табысы мен беделі сөзсіз жоғары. Дегенмен барлық мамандар тікелей бақылауда болмайды. Өйткені олардың жұмыстары өзіндік көзқарасты және жұмыс жасау кезінде өзіндік әдіс қолдануды талап етеді.
Алайда кәсіпқой мамандардың қадағалаудан тыс болуы уақыт өте келе қысқарады. Мұндай мамандар көп жағдайда дербестік қүқығын шектейтін бюрократиялық қүрылымдарда өзгелер үшін жұмыс істей бастайды. Мұғалімдер қазір көп уақытын оқушыларды стандартты тестілеуге дайындау үшін жұмсайды. Дәрігерлер емделушілерге нұсқау берген кезде медициналық сақтандыру компаниялары құптаған дәрілермен шектелуі тиіс.