Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет20/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Корпоративтік экономика
АҚШ-га хот-дог сату орындарынан «Microsoft» компаниясына дейін 250 000 кәсіпорын қызмет етеді. Алайда елдің капиталы мен жұмыс күшінің басым бөлігі бірнеше алып трансұлттық корпорациялармен байланысты. АҚШ-тағы ең үздік 20 компания - миллиардтаған доллар активін бақылайтын және мыңдаған адамды пайдаланатын ауқымды бюрократия. Бұл алып кәсіпорындар ұлттық және халықаралық аренадан орын алады.
Жергілікті жерде аудан не қала әкімшілігіне жұмыс орындарын көбейту немесе сақтап қалу үшін тиімді салық жеңілдіктері мен қолайлы аймақтандыру қағидаларын енгізуді үсынып отырған ірі жұмыс берушіні білуіңіз мүмкін. Корпорациялардың көлемі мен өзара байланысының өсуіне байланысты қазір бұл федералдық және халықаралық деңгейде қайта қаралып жатыр.
Мүндай саяси билік АҚШ-тың сыртқы саясатына да әсер етуі мүмкін. Dole және United Fruit сияқты трансұлттық компаниялардың мүддесін қорғау үшін, АҚШ - XX ғасырда Гватемалада, Гондураста және Латын Америкасының басқа да елдерінде диктатураны қолдады. Дәл осылай трансұлттық мүнай компанияларын қолдау үшін, АҚШ 1951 жылы Иранның сайланған премьер-министрі Мохаммад Моссадехке қарсы жасырын көтеріліс ұйымдастырып, нәтижесінде, Иран шахының авторитарлық режиміне қолдау білдірді. (Шахтың репрессивті режиміне байланысты халықтың наразылығынан ақыры 1979 жылғы Иран ислам революциясы болды, соның салдарынан дүниежүзі бойынша ислам фундаментализмі өршіді). Соңғы кездері кейбір бақылаушылардың тұжырымдауынша, АҚШ Иракқа (Саддам Хусейннің тұсында), ең алдымен, мүнай компанияларының мүддесі үшін шабуыл жасаған.


Wal-mart экономикасы
XX ғасырдың басым бөлігінде федералдық заңдар корпорацияларға нарықтың сүбелі үлесін сатып алуға тыйым салатын. Өйткені олар кез келген бәсекелесін бизнестен ығыстырып, тауарлары мен қызметтеріне ойына келген бағасын қоюы мүмкін еді. Алайда 1980 жылдардан бастап «үлкен үкіметке» қарсы саясаткерлер бүл заңнамаларды өзгерту үшін күресті. Сөйтіп, корпорациялар іріленіп, қуатын арттырғаны соншалық, олар АҚШ экономикасына түгелдей ықпал ете бастады. Wal-Mart - осы тенденцияның айқын мысалы.
Wal-Mart бағаны қымбат етіп қою арқылы емес, арзан тауарды көп мөлшерде сату арқылы табыс табады. Wal-Mart-тағы арзан бағаның жекелеген тұтынушылар үшін пайдалы екені сөзсіз. Бірақ мұндай арзан тауардың ақысын әркім әрқалай төлейді. Wal-Mart кез келген нарықта (ойыншықтар, көлік дөңгелектері, киім және т.б.) сүбелі үлеске ие болғандықтан, өнімдерін Wal-Mart арқылы саудаламаған өндіруші бизнестен шеттетіледі. Сонымен қатар Wal-Mart арқылы жұмыс істейтін өндірушілер де бизнестен алшақтатылуы мүмкін. Өйткені Wal-Mart тауар бағасын төмендетуді талап ететіні соншалық, олар мүлде пайда көрмей қалады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін өндірушілер жалақыны барынша азайтады немесе арзан жұмыс күшін пайдалану мақсатында өндіріс орнын шетелге көшіреді.
Wal-Mart компаниясымен бәсекеге түскен көптеген дүкендер де компанияның жыртқыштық баға саясатының кесірінен нарықтан ығысып қалды. АҚШ қалаларына жеткен Wal-Mart дүкендердің жа былуына, ал онымен бәсекелес сауда орындарында жалақының төмендеуіне әкеп соқтырды. Жұмыс орындарынан айырылып қалған адамдардың көбінде Wal-Mart-қа жұмыс істеуден басқа амал болмайды, ал ондағы жалақы кедейлік деңгейінен де төмен. АҚШ-тың жаңа экономикасында Wal-Mart өз бағасы мен жұмысшыларының жалақысын белгілеумен ғана шектелмейді, сонымен бірге жеткізушілердің тауарына баға қоюды, қала берді жеткізушілерінің де, бәсекелестерінің де жұмысшыларының жалақысын тағайындауды тиімді іске асырып отыр.
Wal-Mart ұсынатын төмен бағадан жекелеген тұтынушылар пайда тапқанымен, олардың жұмысшыларға мардымсыз жалақы төлеуі және ешбір артықшылықтар бермеуі, сонымен қоса бәсекелестерді нарықтан ығыстыру қабілеті көп жағдайда қоғамға зиянын тигізіп отыр. Осы факторлар мемлекетте жаппай наразылық тууына алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет