Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет5/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Әлеуметтену және бірегейлік
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас.

  2. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).

  3. Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену.

  4. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы жалғасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Біз өз іс-әрекеттеріміз бен сенімдеріміздің қаншасын үйрендік, қаншасы тегіміз арқылы берілгенін білесіз бе? Бүл сүраққа түбегейлі толык жауап бере алмаймыз, себебі біз балаларды оқыту мен олардың генін өзгерту әсерлерін салыстыратын тәжірибе жүргізген емеспіз. Дегенмен әлеуметтанушылар ғасырлар бойы адамдар мен маймылдарды қалыпты әлеуметтенуден немесе тіпті негізгі тәрбиеден айырған кездегі жағдайлар туралы деректер жинады. Маймылды енесінен айырып, оқшау өсіру Классикалық тәжірибелер сериясы бойынша психолог Гарри Харлоу мен оның серіктестері маймылдарды толық оқшаулап өсіргенде не болатынын зерттеген (Blum, 2002). Маймылдың балалары сүт беретін механикалық аналық мүсінмен бірге белек торларда тіршілік еткен. Бала маймылдардың қоректері жеткілікті болғанымен, әлеу меттік қажеттіліктері қанағаттандырылмаған. Нәтижесінде, олардың физикалық және әлеуметтік дамуы тежелген. Кейбірі аутизммен ауыратын балалар сияқгы, мысалы, ойсыз көзқараспен қарау, өздерін тістеу, бұрыштарда жасырынып гұру сияқты оғаш мінез-құлық танытқан. Өсе келе бұл маймылдар жүптасудан бас тартқан; қолдан ұрықтандырылған кезде де үрғашы маймыл баласын емізіп, қамқорлық жасамаған (Harlow & Harlow, 1966). Бұл тәжірибелер әлеуметтік байланыстың маңыздылығын айғақтайды; яғни жыныстық және аналық сезімдер сияқты туа біткен мінез-құлықты да әлеуметтік өзара әрекетке түсу арқылы дамытпаса болмайды. Харлоудың алты ай бойғы оқшауланған маймылдарды басқалармен араластырмақ болған әрекеттері нәтиже беріпті. Соңында сол алты айлық маймылдарды үш айлық балалары бар ұрғашы маймылмен бірге орналастырған, сөйтіп, басқа маймылдармен бірге әлеуметтенуге мүмкіндік берген соң ғана тәжірибе жақсы нәтиже берген (Harlow & Suomi, 1971). Адамды бағып-қағудың қажеттігі Алайда адам болуды үйрену - маймыл болуды үйренуден мүлдем өзгеше, сондықтан Харлоу тәжірибелері балалардың тәрбиесіз өсуінің қалыпты адами қарым-қатынасқа үйрене алмайды, олардың ойлау және қабылдау қабілеттері төмен деңгейде қалады. салдары қандай болатынын жорамалдауға ғана мүмкіндік береді. Әрине, нәтижені анық білу үшін балаларды ересектерден оқшау ұстау адами тұрғыдан мүмкін емес. Солай бола тұра кейде бүл жағдайдың шынайы өмірде орын алып жататыны өкінішті-ақ. Балаларға дұрыс тәрбие бермей өсірудің салдарына қатысты кейбір айқын дәлелдерді төмен дәрежелі балалар үйінде тәрбиеленетін балаларды зерттеуден көруге болады. Мұндай балалар үйінде балалардың қажеттіліктері қанағаттандырылғанмен оларға тиісті тәрбие беру жағы жетіспейді. Ондағы балалардың көпшілігі рухы сөнгендей эсер қалдырады. Олардың кейбірі қоғамнан бас тартып, айналасына ешқандай қызығушылық танытпайды, басқалары өздеріне де, өзгелерге де еш аяушылық сезімі жоқ екенін көрсетті. Бұл балаларды кейінірек жақсы отбасылар өз қамқорлығына алған күннің өзінде басқа балаларға қарағанда олардың ойлауы мен қабылдауы төмен болатыны байқалды. Олардың арасында, сондай-ақ дос таңдай алмау немесе аутистік мінез-құлық таныту сияқты әлеуметтік қарым-қатынас қиындықтары да кездесуі мүмкін (Rutter et al, 1999). Тәрбиелеудің маңыздылығы туралы басқа да дәлелдерді ата-ана тарапынан физикалық және эмоциялық қысым көріп өскен балалардың жағдайларынан көруге болады. Джин (лақап аты) туралы оқиға оның ауыр халін суреттейді (Newton, 2004). Оны 13 жасына дейін қатал әкесі орындыққа байлап, кішкене бөлмеде ұстаған. Соқыр, мүгедек анасы қатты қорқып қалғандықтан оған еш көмек көрсете алмаған. Джин ешқашан ешкіммен сөйлеспеген, араласпаған. Соңында анасы Джинді құтқармақ ниетпен алып қашып кеткенде де Джин сөйлей алмаған, өздігінен жүре алмаған, тіпті дәретхананы да қолдана алмаған. Арнайы терапиядан кейін жағдайы біршама жақсарғанмен ол өз бетімен өмір сүруге дайын болмай шықты. Джиннің жағдайы ауыр. Бірақ ата-аналар жеткілікті әлеуметтік және эмоциялық қолдау көрсете алмайтын отбасыларда аталған проблеманың жеңілдеу түрлері де кездеседі. Тән қажеттіліктері қанағаттандырылғанмен басқа жағынан мұқтаждық көріп өскен балалар, көбінесе Джин сияқты жоғарыда аталған зерттеулердегі жетімдер мен маймылдар сияқты қиындықтарға кезігеді. Яғни балалардың да, маймылдардың да физикалық және әлеуметтік дамуы үшін өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Баламен серуендеу, сөйлесу, оған мейірлену, күлімсіреудің барлығы да тұрақты әрі тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оны әлеуметтендіру болып табылады. Дегенмен ерте әлеуметтену адамдармен қарым-қатынас кезінде ғана жүзеге асады. Балалар үйінде ұзақ уақыт тұрған балалардьщ көпшілігі адамзат қоғамына бейімделеді. Тіпті төтенше жағдайда оқшаулануды бастан кешіргендер де кейін қалыпты өмірге бейімделе алады. Мәселен, 1996 жылы төрт жасар Иван Мишуковты ата-анасы Мәскеу көшелерінің бірінде тастап кеткен (Newton, 2004). Ол көшеде тамақ сұрап күн көрген. Әу бастан-ақ ол тамағын иттермен бөліседі, есесіне иттер оған қыста жылынуға, жауыз адамдардан қорғануға көмектеседі. Екі жылдан кейін полиция оны ұстап алып, балалар үйіне жібереді. Бір қызығы, баланың ата-анасымен өткізген алғашқы төрт жылы оның жеткілікті деңгейде әлеуметтенуіне көмектескен, сөйтіп, бұл деңгей оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына, қоғамда әлеуметтенуді жалғастыруына жеткілікті болды. Әлеуметтену жөніндегі теориялың көзқарастар Қоғамның белсенді м үшесі болу үшін әрқайсысымыз да әлеуметтенуіміз керек. Бірақ әлеуметтену қалай жүзеге асады? Бала немесе ересек адам қоғамның ережелерін, құндылықтары мен тәртіптерін қандай процестер арқылы үйренеді? Келесі беттерде әлеуметтенудің әлеуметтік теорияларын қарастыратын боламыз. Құрылымдық-функциялық теория Барлық құрылымдық-функциялық талдаудың алғышарты - функционалды қоғамда оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үйлесімді жұмыс істеуі. Бүл әлеуметтенудің құрылымдық-функциялық талдауларына да қатысты. Қүрылымдықфункцияшылдар мектеп тек оқуға және жазуға ғана емес, билікке мойынсұнуға және қоғамның талаптарына сай болуға үйретеді деп есептейді. Кейінгі тараулардан көретініміздей, құрылымдық функцияшылдар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды (намаз оқуды немесе дұға етуді), жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді. Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеуметтену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімдеріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы теорияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру кезінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл - конфликт теориясы ғалымдарының көзқарасы. Конфликт теориясы Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құрылымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе, конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайдалы деген болжам жасайды. Конфликт теориясы әлеуметтену теңсіздікті арттыратын механизмдерді үдететінін баса көрсетеді. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап, балаларын соған сай тәрбиелейді, мысалы, қыздан кешкі астан кейін ыдыс-аяқты жууды талап етсе, үлға ойнауға рұқсат береді. Ал келесі бір зерттеушілер мүғалімдердің жұмысшы тап балаларын жазалау, мойынсұнуға үйрету арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін аяқасты етіп, жұмысшылар қатарын толтыруға мүдделі болуына көмектесетінін айтады. Сол сияқты тағы бір зерттеушілер шіркеу қызметкерлері, пасторлар, раввиндер және басқа дін өкілдері қарапайым халыққа бай да беделді этностық топтардың артықшылықтары Құдайдың қалауымен болғанын насихаттайды деп есептейді. Әлеуметтенудің басқа пікірмен келіспеуі мүмкіндігін, әлеуметтік өзгерістерді жоя алатынын және теңсіздік тудыра алатынын түсіну үшін конфликт теориясы пайдалы. Ал түрақты әлеуметтік жүйеніңтуындауы мен артықшылықтарын түсіндіру үшін бұл теорияның пайдасы аз. Символдың интеракционизм 1-тарауда айтылғандай, символдық интеракционизм теориясы адамдар мен топтардың адам мінез-құлқына және жағдайына қаншалықты ықпалы бар екенін қарастырады. Толықтыра түсетін болсақ, символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді көбінесе жеке адамның өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік рөлдері тұрғысынан зерделейді. Символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді талдауда екі негізгі ұғымға ден қояды, олар - «Мен» тұжырымдамасы мен рөлді қабылдау. Әлеуметтену агенттері - әлеуметтік нормаларды үйрететін тұлғалар, топтар және БАҚ.

1

№6 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет