Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет6/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Отбасы және қазіргі заман.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада.

  2. Отбасы типологиясы.

  3. Неке мен туысқандық.

  4. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі.

  5. Неке мен отбасының альтернативті формалары.

  6. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Отбасы және неке әлеуметтануның адамның тіршілік әрекетінің формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды. Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретінде неке және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектін арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұдайы өңдіру мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы көшбасшылық, оны анықтаудың өлшем-бірліктері, отбасының қоғам алдында атқаратын міндеттері, некеге отыру мен ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан мәселелердің қатарына жатады. Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады. Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты. Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды. XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық - функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді". Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие. Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтікэкономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б. "Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы. 37 Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке). ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды. Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады). Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке-келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық. Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады. Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады. Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады. Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп те атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.
Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады. Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мәнмазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары. Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлізайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлгеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзщара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологиялық, педагогиканың, саясаттанудың және демонрафияның зерттеу обьектісім болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) мқазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік тооп ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді. Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру 39 тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғызбастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локадық құрылымы және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады. Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбаксын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады. Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.
Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарымқатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне: - халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу; - балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды); - балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады. Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып қолданылуы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микроахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің барлығы отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.Сондықтан да отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай қызмет түрлері де модификациаланады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді. Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта – отбасы. Ол дұрыс қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емесш. Оның үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойындағы көптеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететін тәрбирелік күш болып табылады. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі – ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлізайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қою да ер адамның тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету 40 дәрежесін төмендетті. Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі, прпофессионализмі, прагматизмі. Отбасының статустық функциясы да бар. Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынадай аса маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Қоғам функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінезқұлық дағдыларын қабылдайды. Отбасылық өмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр қоғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Өз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрлері мен бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этноцентризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы үлгісін жасамайды? – деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет. Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір дара тұрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып есептеледі. Қоғамның өзге де институттары сияқты отбасы да қоғам үшін маңызды белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен процедуралардың жүйесін құрайды.
ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған. Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіңдегі жағдай бойынша республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалды куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарында мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды: некелелесушілер мен некеде бұрыннан тұрғандар таласты жағдайларды шешуге арналған неке келісімшарты бойынша өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге 43 тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп некелесуге өтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі де көптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және салыстырмалы түрде жоғары мәртебе санайтын отбасылар да азаймайды. Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен қарау керек. Сонымен қатар, бала мен ата-ансының қызығушылықтарын қорғауға арналған бағыттарда, яғни азаматтардың жеке және отбасы өмірінің құпияларын заң арқылы сақтауды қарастырған. Бала асырап алу құқығына біршама жаңартулар еңгізіліп, олардың маңыздылығын арттыра түсті.

1

№7 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет