Дін, мәдениет және қоғам Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Дін: негізгі түсініктер.
Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік.
Дін және әлеуметтік теңсіздік.
Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік.
Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері.
Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлеуметтанушылардың тұжырымы бойынша, дін дегеніміз - құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі (Durkheim [1915], 1961: 62). Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім жүйесінен (тұрғылықты африкалықтардың діні сияқтылар) тұрады. Бірақ тылсым мен қасиетті дегендерді қарастырмайтын марксизм мен ғылым сияқты сенім жүйесі бұған кірмейді. Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған құндылықтар жиынтығы ретінде қарайды. Бірақ ол Құдай бар ма, жаныңды құтқаруға бола ма және хақ дін қайсы деген сияқты түсініктердің шынайы не жалғандығына жауап іздемейді. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғамның және өзге де әлеуметтік күштердің эсер ету жолдарын, сондай-ақ діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді.
Дін дегеніміз - Құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі.
Бүрын тылсым болып келген оқиғаларды түсіндіруде, ғылым мен техниканың қабілеті артқандықтан, 1970 жылдарға дейін ғалымдар дінніц ықпалы бәсеңдейтініне сенімді болды (Emerson & Hartman, 2006). Нәтижесінде, олар секуляризация - діни заттардың, ойлардың, биліктің зайырлы билік иелеріне (мемлекет, медицина, т.б.) берілу процесі уақыт өте күшейеді деп ойлады. жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір америкалықтардың көбі дінді өмірінің ажырамас бөлшегі, ал Інжіл - Құдайдың ақиқат сөзі деп санамайды. (Солтүстік және Батыс Еуропада дінге сенбейтін адамдардың үлесі өте жоғары). Секуляризацияның іске асқандығын көрсететін дәлелдер көп болғанымен, соңғы 30 жылда АҚШ және басқа мемлекеттерде фундаменталистік дінге сенушілер саны артты (Sherkat & Ellison, 1999; Stark & Einke, 2000; Emerson & Hartman, 2006).
Фундаментализм - дінге сенушілердің қасиетті кітаптарын Құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың қағидаларының дәстүрлі тәпсірлерін бұлжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда көрсетілген рәсімдер бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс. Фундаментализм дүниежүзі бойынша католиктер, протестанттар, еврейлер, мұсылмандар және басқаларының арасында кездеседі. Олардың сенімінің күштілігі соншалық, саны аз болса да діні мен өмір салтына қауіп төндіретін дінсіздерге қарсы шығуға дайын тұрады. Фундаменталист^ зорлық адамдардың діні үкімет тарапынан тапталып-жаншылғанда немесе мәдениетті басып алған ұлт тарапынан бүзылған жағдайда көбірек туындайды (Emerson & Hartman 2006). Өкінішке қарай, саяси лаңкестер әлеуметтік өзгерістер арқылы БАҚ өкілдерінің назарын аудартқысы келсе, діни лаңкестер (бала алдыртушыларға қарсы күресетін христиандар мен 2001 жылы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл жасаған мұсылмандар сияқты) Құдай алдындағы парызын уәж етеді. Олар кей қоғамдарды өзгерткісі келеді, өйткені шектен тыс бүлінген деп санайды. Сондықтан кісі өлтіруден де тайынбайды (Hoffman, 2006). Модернизация, ертеректегі ғалымдардың пікірінше, діни сенімді азайтады. Ал кейбір діндарлар үшін, керісінше, арттырады. Өйткені модернизацияның әсерінен қарапайым адамдардың өмірлік құндылықтары, отбасы, гендерлік қарым-қатынас және қоғамның өзі өзгеріп жатыр. Ал консервативті және фундаменталистік діндарлар осы өзгерістерге қарсы тұруға жол іздейді (Emerson & Hartman, 2006). Қазіргі эгалитарлы гендерлік қарым-қатынасқа, отбасылық құрылымға және әлеуметтік ережелерге байланысты батыстық үлгілерге қарсы болып, оларды қабылдамау фундаментализм үшін маңызды екендігіне, тіпті фундаментализм түсінігі осы қарсылықтан тұратындыгына кейбір зерттеушілер ерекше мән береді (e.g., Marsden, 2006). Сонымен қатар ғалымдардың тұжырымы бойынша, діни сенімге жұмсалатын ақша мен уақыт оның артықшылықтарынан асып түссе, діни сенім адамдар үшін рационалды таңдау болып қала береді. Ондай артықшылықтарға тылсым оқиғаларды түсіндіру, табиғаттан тыс ғажайып марапаттарды уәде ету, пікірлес адамдардың ортасына кірігу
және дәстүрлі құндылықтар мен тәжірибе орнына ғажайыпқа сенуді ұсыну жатады (Stark & Finke, 2000). Дінге теориялық көзқарастар Басқа әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да түрлі әлеуметтанушылар әрқилы теориялық көзқарастар ұсынады. Бұл - келесі тараудың тақырыбы. Құрылымдық функцияшылдар діннің жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді. Конфликтология теорияшылары дінніц әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе тежеуін саралайды. Үшінші топтағылардың тұрғысы ата лмыш екі көзқарасты Макс Вебердің (Max Weber) жұмысымен байланысты біріктіреді. Қарабайыр (профан) дегеніміз - күнделікті өмірде өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәрселер әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап, оған айлашарғыларымызды жасай аламыз. Қасиетті, керісінше, біз бақылап, түсіне алмайтын, бізде қорқыныш пен табыну сезімін оятатын қүбылыстар мен нәрселерден түрады. Дюркгейм: діннің құрылымдықфункциялық теориясы Дінді құрылымдық-функциялык; тұрғыдан зерттеу Эмиль Дюркгеймнің (Emile Durkheim) еңбегінен бастау алады. Дюркгейм өзінің саралау жұмысын өзі діннің қарапайым түрлері деп атаған, барлық діндерді топтастыратын негізгі үш элементті анықтаудан бастады (Durkheim [1915], 1961). Дінніңқарапайым түрлері Біріншіден, діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті және қарабайыр (профан) деп екіге бөледі. Қарабайыр дегеніміз - күнделікті өмірде өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәрселер. Әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап, оған айла-шарғыларымызды жасай аламыз. Қасиетті, керісінше, біз бақылап, түсіне алмайтын, қорқыныш пен табыну сезімін оятатын құбылыстар мен дүниелер. Екіншіден, барлық діндер адамдарға туу, өлу, жарату, жетістік, сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпияларды түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстанады. Бұл сенімдер ресми діни доктриналардың негізін қалайды. Үшіншіден, барлық дінде рәсімдер бар. Қазіргі христиан дінінде дүниеге келу, өлу, үйлену, Исаның тууы және қайта тірілуі сияқты оқиғалар рәсімдермен өткізіледі. Бағзы замандарда көптеген христиандар егін егу және жинау кезінде діни рәсімдер жасайтын болған. Мұндай рәсімдер кейбір діндерде әлі де бар. Дінніңатқаратын қызметі Дюркгейм егер дін қоғам үшін маңызды қызмет атқармаса, онда әмбебап болмайды деп тұжырымдаған. Қоғамдық деңгейде діннің негізгі қызметі - дәстүрлерге имандық императив беру. Ортақ қүндылықтар мен кез келген мәдениеттің қағидалары дін арқылы нығая түседі. Бүл құндылықтар мен қағидалар тек бір нәрсе жасаудың қарапайым жолы емес, оларды атқарудың жалғыз ғана моральдық амалы ретінде қабылданады. Олар қасиетті бола бастайды. Ал дәстүрлер қасиетті саналғанда рәсімдер мен тәжірибелер арқылы расталып отырады және өзгермейді. Дюркгеймнің айтуынша, діни наным-сенімдер мен рәсімдер адамдарды қажет болған кезде қолдап, жайлылық, тыныштық сый лайды. Күнделікті өмірде адамдар дінге қатысы барын сезініп, соған қанағаттанады. Дінге қатысы барын сезіну сенушілер қауымын немесе моральдық қауымды ұйымдастырады. Бұл - біздің дінді анықтауымыздың бір бөлігі. Маркс және басқалар: конфликт теориясы және дін Дюркгейм сияқты Маркс та дінді дәстүрдің қолдаушысы ретінде көрді. Бұл қолдау жаншылған кедейлер күреспей шыдауы керек (Құдайдың мейірімі түскен кедей мен жуас және т.б.) және әрбір адам патшаның Құдайдай құқы барына сене отырып, теңсіздікті мойындап, салық төлеуі керек (Цезарьға беру) деген ұйғарымдар арасында ауытқып тұрады. Маркс гың Дюркгеймнен айырмашылығы діннің дәстүрді қолдауын кері әсерде түсіндіреді. Маркс дінді халыққа арналған есірткі деп санайды. Жогары тап өкілдері кедейлердің бұл дүниедегі қаналуын байқатпау үшін, олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударады. Бұл тұжырымды объективті және құрылымдық-функциялық теориядан құнды деп айта алмайсыз. Өйгкені ол - дін доктринасының ақиқат не жалған екендігін саралайды. Заманауи конфликт теориясы Маркс түжырымының шеңберінен асып кеткен. Оның қосқан негізгі үлесі - әлеуметтік топтар арасындағы қақтытыстарды басу немесе тірлікке ынталандырудағы діннің рөлін анықтауы. Дін Иракта сүннит және шейіт мұсылмандар арасындағы, Ирландияда католиктер мен протестанттар арасындагы және басқа да мемлекеттердегі қақтығыстарға себеп болды. Ал енді бір жағынан, мұсылмандар, христиандар, индуистер және басқа діни бірлестіктер кедейлерді өз тағдырын қабылдауға шақырғанда және барлығымыз Құдайдың жаратқан пенделеріміз деп уағыз айтқанда діни қақтығыстарды азайтты. Қақтығыстарды азайтса да, көбейтсе де дін билік үшін күресте топтардың құралы болды және бола алады. Маркс дін әрдайым қа налған тапты ұстап тұруға көмектесе алады деп сенген. Ал біз бүгінде сол қаналған тап - дінді өз әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін долдана алатынын білдік. Оған бір мысал - афроамерикалық шіркеулер мен олардың Әулие кіші Мартин Лютер Кинг сияқты жетекшілерінің АҚШ-тағы азаматтық құқық үшін күрестегі рөлі. Конфликт теориясының дінді зерттеуге қосқан тағы бір үлесі - қалыптасқан институттар арасында қарама-қайшылықтар пайда болатыны және олардың өзгерістерге алып келетіні туралы диалектикалық идея. Негізінен, конфликтология теорияшылары қоршаған ортадағы әлеуметтік өзгерістер сол қоғамдағы діни қауымдастықтардың да өзгеруіне алып келеді деп жорамалдайды. Мысалы, әйелдерге деген көзқарастың өзгеруі Реформашыл Еврейлерге, Методистерге және басқа реформаларға алып келді. Осылайша, әйелдер министр немесе раввин (еврейлердің діни қауымының рухани басшысы) болып қызмет етуге құқық алды. Сонымен қатар конфликтология теорияшылары діндегі өзгерістер үлкен әлеуметтік өзгеріске себеп болады деп тұжырымдайды. Мысалы, АҚШ-тағы испан тілді қауымдастықта евангелие шіркеулерінің (дәстүрлі католиктік) көбеюі латынамерикалықтардың тиімді саяси лобби ұйымдастыруында маңызды рөл атқарды. 2006 жылдың наурыз айында басым бөлігі латынамерикалықтар мен біраз евангелие христиандарынан құралган 500 000-нан астам адам анти-иммиграциялық заңнамаларға қарсы шеруге шықты. Қарсылық танытып шыққандардың көбі шеру жайлы евангелие қызметкерлерінен естіген. Вебер: дін - тәуелсіз күш Макс Вебердің (Max Weber) дін туралы теориясында құрылымдықфункциялық теорияның және конфликт теориясының элементтері үйлесім табады. Дюркгейм секілді Вебер де діннің атқаратын қызметі мен түрлерін зерттеді. Бірақ конфликтология теорияшылары сияқты Вебер діни және әлеуметтік өзгерістердің байланысына да назар аударды. Алайда конфликтология теорияшылары әлеуметтік шиеленістің салдарынан туындайтын діни өзгеріске баса мән берсе, Вебер діни идеологиядағы өзгерістің әлеуметтік өзгеріс тудыруына ерекше назар аударды. Көптеген адамдар үшін дін - дәстүрлер сабақтастығы. Адамдар ата-аналарынан көргенін қайталайды. Алайда Вебер үшін дін - белп а з дүние жайлы білім іздеу. Бүл тұрғыдан алғанда дін ғылымға ұқсайды. Ол - айналадағы әлемді түсіндіре алатын әдістің бірі. Сондай-ақ дін берген жауаптар қалыптасқан жағдайға кереғар немесе үйлесімді бола алады. Түпкілікті мағына жайлы сүрақтарға адамдар қайдан жауап табады? Олар харизмалы діни көшбасшыға жиі жүгінеді. Харизма - адамды өзгелерден даралайтын ерекше түлғалық қасиет. Мұндай ерекше сипаттамалардың пайда болуы ғажайып құбылыс болғандықтан, харизмалы көшбасшылар драмалық әлеуметтік өзгерістерге агент бола алады. Харизмалы көшбасшыларға Христос, Мухаммед және кейінгілер Джозеф Смит (Соңғы күндердің әулиелері), Дэвид Кореш (Давид тармагы) жэне Аятолла Хомейни (Иран Исламы) жатады. Мұндай адамдар дәстүрлі жауаптармен үйлеспейтін жауаптар береді. Осылайша, Вебер діни мәселелерді қоғамдағы өзгеріс пен тұрақсыздықтың көзі деп қарастырады. Дінге процесс ретінде қарай отырып, Вебер дінге Дюркгеймге қарағанда әлдеқайда белсенді рөл береді. Бұл - Вебердің Протестантты Реформацияны саралауынан айқын көрінеді.