Девиация, қылмыс және әлеуметтік бақылау. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Девиация мен әлеуметтік бақылау.
Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық).
Аномия мен қоғам.
Деликвенттілік және қылмыс.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлемдегі әрбір мәдениет нормалар мен құндылықтар жиынтыгын ұсынады және әрбір қоғам сол мәдениетке бағындыру үшін әр мүшесін әлеуметтендіреді. Соның нәтижесінде біз көбіне қоғам талап еткен істерді істеп, қоғамның дегенімен жүреміз. Бірақ үнемі барлық ережеге толық мойынсұнатындар кемде-кем. Бұл бөлімде адамдардың әлеуметтік нормаларды қалай және не себепті бұзатынын талдаймыз. Бейресми қоғамдық бақылаудостарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдардың бізді орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отыруы. Ресми қоғамдық бақылау - айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолдану әдісі ресми қоғамдық бақылауға жатады. Конформизмді түсіну Адамдардың неліктен ережені бұзатынын түсіну үшін, алдымен көпшіліктің неліктен көбінесе ережеге бағынатынын түсінуіміз қажет. Ережеге бағынуға ынталандыратын күштер мен процестер әлеуметтік бақылау деп аталады. Әлеуметтік бақылау үш форма арқылы жүзеге асады: • өз-өзімізді іштей бақылау арқылы; • бейресми бақылау арқылы: достарымыз бен жақындарымыз ережеге бағынганымызды құптап, ереже бұзғанымыз үшін жазалайды; • ресми бақылау арқылы: мемлекет немесе басқа органдар ереже бұзушылықты тыйып отырады. Адамдар өз топтарының нормаларын қабылдап, оларды өз сенім жүйесі мен бірегейлігінің бір бөлігіне айналдырғанда өз-өздерін іштей бақылай бастайды. Біз дүкен тонаудан, сыныпта қатты кекіруден өз-өзімізді тыйғанда полиция тұтқындайды, я сыныптан шығарып жібереді деп қорыққаннан емес, ішкі құндылықтарымыз бен адами болмысымызға қайшы келетіндіктен ондайға бармаймыз. Өз-өзімізді бақылауға бейресми қоғамдық бақылау қосылады. Достарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдар бізді орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отырады. Сондықтан ішкі құндылықтарыңыз шашыңызды тықырлап алып тастауға (егер әйел адам болсаңыз) немесе тырнағыңызды қызғылт лакпен бояуға (егер ер адам болсаңыз) рұқсат бергенімен, достарыңыз безіп, ата-анаңыз сыртқа теппеуі үшін және көршілеріңіз күлмеуі үшін олай істемейсіз. Ал егер сізді бұлардың ешқайсысы тоқтата алмаса, онда сіз ресми қоғамдық бақылаудан қорыққаннан айылыңызды жиясыз. Мүнда айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін. Мектептегі киіну тәртібін бұзған адам мектептен шығарылады, дінбасының айгқанына мойынсұнбаған адам діннен аласталады, ал дүкен тонаған адам түрмеге қамалады. Әлеуметтік бақылау емтиханда көшіруден бастап кісі өлтіруге дейінгі аралықта, негізінен, өзін-өзі бақылау мен бейресми қоғамдық бақылауға негізделеді. Жеке адамдар мен топтың құндылықтарына қайшы келетін әрекеттің алдын алуға қауқары жететін мекеме кемде-кем.
Девианттылыққа (соның ішінде, қылмысқа) қатысты биологиялық және психологиялық түсініктер әдетте адамның ішіндегі процестердің қалайша девианттылыққа алып келетініне бағытталады. Мұндай теориялар девианттылықтың себебін, көбінесе бала кездегі генетикадан, нейрохимиялық теңсіздіктен немесе лайықты мінез-құлық пен ұстанымды қалыптастыруда кеткен қателіктерден іздейді. Көптеген әлеуметтанушылар биология мен психологияның ауытқушылық тудырудағы рөлімен келіседі, бірақ қоғамдық күштерді әлдеқайда маңызды деп есептейді. Әлеуметтану теориялары ауытқушылықтың себептерін адамның өзінен емес, әлеуметтік құрылымнан іздейді («Ереже бұзушылық теориясы туралы тұжырымдамалыққорытынды» бөлімін қараңыз). Қүрылымдық-функциялық теория қоғамның бөліктері дене мүшелері сияқты бірлесе жұмыс істейді деп болжайды. Осы тұрғыдан алғанда, девианттылық белгілі бір шекке дейін қоғам үшін пайдалы болуы мүмкін. Көкгемгі демалысты ойлап көріңізші: наурыз айында жұмыстан үзіліс алсаңыз, мамыр айындағы қорытынды емтихандарға дайындалу үшін көбірек күш-жігер жинайсыз. Сонымен бірге құрылымдық функцияшылдар пікірінше, девианттылық қоғамды қажетті, сатылы әлеуметтік өзгерістерге итермелеп отырады. Алайда девианттылық шектен шығып кетсе, қоғам үшін дисфункциялы (бүлдіргіш) рөл атқарады. Бұл тұжырымды девианттылыққа қатысты, алдымен Эмиль Дюркгейм қолданған. Дюркгейм кішігірім девианттылықтың артықшылықтарын мойындағанымен, қазіргі қоғамдағы дисфункциялы девианттылықтың себептерін талдаған маңызды зерттеулерінің бірінде жиілеп кеткен суицидті қарастырған (Durkheim [1897] 1951). Ол дәстүрлі қоғамдарда ережелер әдетте жақсы танымал болып, кеңінен қолдау тауып отырған дейді. Қоғамның ауқымы өсіп, түрлері көбейіп, әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам нормалары пайдалануға жарамай, түсініксіз бола бастады. Дюркгейм бүл жағдайды аномия деп этап, қазіргі замандағы суицидтің басты себебі сол деген түжырым жасады. Ең бастысы - Дюркгейм де, одан кейінгі қүрылымдық функцияшылдар да девианттылықты жеке адамньщ ауытқуы емес, әлеуметтік мәселе ретінде сипаттады, яғни, «Бүл - жеке адамның емес, әлеуметтік құрылымның проблемасы», - деді олар. Сондықтан девианттылық проблемасын шешу үшін жеке адамды түзетуге тырысудың орнына қоғамдық дисфункциялықты жою керек деген пікір айтты.
Бейресми қоғамдық бақылаудостарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдардың бізді орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отыруы.
Ресми қоғамдық бақылау - айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолдану әдісі ресми қоғамдық бақылауға жатады.
Жалған мәжбүрлеу - адамдар қаламайтын нормаларды орындауға мәжбүр етеді.
Девианттылық - белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.
Қылмыс - заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.
Шағым жасалмайтын қылмыс - есірткі шегу, жезөкшелік, құмар ойын ойнау және порнография сияқты заңсыз тауарлар мен қызметтерді сатып алғысы келетін адамдар мен оны сатушылар арасында ерікті түрде жасалған іс-әрекет.
Қылмыскерлерді жазалаудың төрт негізгі себебі бар:
Кек алу. Қылмыскерді жәбірленушінің және жалпы қоғамның кегін алу үшін жазалайды.
Алдын алу. Қылмыскерлерді соттау, түрмеге қамау және басқа жолдармен бақылауға алу арқылы олардың қылмысты қайта жасауына тосқауыл қойылады.
Тежеу. Жазалау шарасы қылмыс жасағандарды және жасағысы келетіндерді бұл жолға түсуден сақтандырады.
Тузету. Жазалау шарасы ойдағыдай орындалған жағдайда қылмыскердің мінез-құлқын түзетеді және оны жақсы институтқа бейімдейді, сол жерде қоғамның заңға мойынсұнған бір азаматы ретінде жұмыс істейтіндей білім-білік алады.