Экономикадағы өзгерістер Қазіргі уақытта әлемдік жұмыс орындары үшінші (қызмет көрсету) секгорда шоғырланып келеді. Ең тез дамып келе жатқан 10 мамандықтың барлығы да қызмет көрсету саласынан. Оның ішінде жетеуі - төмен жалақылы, кәсіби білімді талап етпейтін жұмыс орны. Басқасы, керісінше, күрт құлдырайды деген болжам бар.
Неғұрлым ескі технологияларға негізделген (баспасөз репортері сияқты) және шет елдерге ауысып кете алатын салаларда (мысалы, баспа және ауыл шаруашылығы) жұмыс орындарының қысқаруы өте жоғары деңгейде болуы мүмкін.
Әлемдік дағдарыс әсерінен қазір тіпті ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмен болып отыр. Тек үздік куәлігі және төрт жылдық білімі бар (әсіресе информатика, мейірбикелік іс және білім беру саласындағы) мамандарда мүмкіндік мол. Басқа түлектердің жағдайы қиындау, бірақ жоғары білімі жоқ жұмыс іздеушілермен салыстырғанда, мүмкіндігі әлі де көбірек.
Технологияның әсері Заманауи технологиялардың өсуі бұрын-соңды болмаған веб-бағдарламашылар, жүйелерді талдаушылар, iPod техниктері және сол сияқтылар жұмыс орындарының көптеп ашылуына әкелді. Бірақ сонымен бірге басқа жүмыс түрлерін қысқартты. Мысалы, автокөлік өнеркәсібінде роботтар мыңдаған жұмысшылардың жұмысын атқарады. Азық-түлік дүкендерінде компьютерленудің салдарынан тауарларды реттеуші және бағасын қоюшы жұмысшылар қажетсіз болып қалды. Ал кассирлер «өзін-өзі тексеру жолымен» алмастырылып жатыр. Сонымен қатар кен өнеркәсібі, ауыр өнеркәсіп салаларында тауарлар мен қызмет көрсету жұмысымен айналысатын жұмысшылар саны қысқартылды.
Жаңа технологиялар күнделікті жүмыстарға да эсер етті. Екі ең үлкен өзгеріс – бақылаудың көбеюі және жұмыс орнынан қашық жерде тұрып жұмыс істеу мүмкіндігі. Қазіргі уақытта компьютерлер мен видеотехнологиялар менеджерлер мен жұмыс берушілерге жұмысшыларды сырттан бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, азық-түлік дүкеніндегі бақылау өткізу орнында қолданылатын сканерлік құралдар сатушының жылдамдығын және қателік жасағанын бақылау ушін қолданылады. Кейін осы мәліметтер нәтижесінде кімді жұмыста қалдыру және кімді жұмыстан шығару керектігі шешіледі. Сонымен қатар жаңа технологиялардың арқасында кәсіпқой мамандарды табу оңайға түседі және телефон, әлеуметтік желілер арқылы олар әрдайым байланыста болады деген сенім қалыптасты.