Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет24/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Көлеңкелі экономика - экономиканың жұмысшылар мемлекеттік бақылаудан жасырынатын бөлігі.
Астыртын жұмыстар кәсіби және кәсіби емес салаларда пайда болуы мүмкін. Айталық, Ресейден келген дәрігер лицензиясы болмаса да, АҚШ-тағы өзге иммигранттарға қызметін ұсына алады. Сол сияқты Мексикадан келген аспиранттың визасы табыс табуға тыйым салғанымен, компьютер бағдарламалаушысы ретінде жұмыс істеуі мүмкін.
Көбіне сенімсіз, бір күндік саналатын астыртын кәсіпорындар - сөйте тұра маңызды жүмыс берушілер болып саналады. Бұл қызмет көрсету мен жүмыс орындары жетіспейтін кедейлерге де, мемлекетке жұмыс істеп жүргенін білдіргісі келмейтін адамдарға да - айталық, заңсыз иммигранттарға, мемлекеттен алып отырған жәрдемақыларынан айырылғысы келмейтін мүгедектерге, жұмыс талаптарына сай келмейтін жасөспірімдерге және тағы басқаларына пайдалы.
Жұмыссыздың және жұмыспен толық қамтылмау
Мүлде жүмыссыз болғаннан - нашар болса да, астыртын жүмыстың болғаны жақсы. Жалпы, адамның жүмысы болмаса, жұмыс істеуге қабілетті болғанымен, соңғы төрт апта бойы жүмыс іздеп жүрсе (сұхбаттасуға барса, түйіндеме жіберсе және т.б.), жұмыссыз болып саналады. Бұл анықтама әдетте саясаткерлер, зерттеушілер мен баспашылар жұмыссыздық жайлы сөз қозғағанда қолданылады. Алайда бұл анықтамаға жұмыс іздеуді қойғандар, мемлекеттік реттеуден күдерін үзіп, төрт аптадан аса жүмыс іздемегендер кірмейді.
Жұмыссыздықтың ресми анықтамасына жартылай жұмыссыздар да кірмейді. Жартылай жұмыссыздар - бұрын толығымен жұмыс істеп, бұдан кейін тек жарты күндік жұмыспен қамтылғандар. Сондай-ақ бұрын менеджер немесе ағаш ұстасы болып толық күн жұмыс істеген адамдар жұмыс іздеуге мәжбүр болса, жұмыссыз болып саналады.
Жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші жұмыс табудан күдер үзгендер мен жарты күн еңбек ететіндерді ескермегендіктен, көпшілік бұл көрсеткіш жағдайды шынайы сипаттай алмайды деп есептейді.
Жұмыссыздар - жұмысы жоқ, жұмыс істей алатын және жұмысты белсенді түрде іздеп жүрген адамдар.
Тұрақсыз жұмыс - жұмысшыларға ұзақ мерзімге шамалы ғана тұрақтылық ұсынатын жүмыс түріне жатады.
Соңғы онжылдықтарда жұмыс тұрақсыздығы өсуінің бірнеше себебі бар. Заңдағы және қоғамдық пікірдегі өзгерістерге қарасақ, жұмыс берушілер (әсіресе ірі корпорациялардың) жылдар бойы істеп келген адал қызметкерлерінің тұрақты жұмысынан гөрі жалдамалы жұмысшылардың икемділігін жоғары бағалай бастаған.
Мемлекеттік бақылау азайғандықтан, ірі корпорациялар көбейді. Соның салдарынан жергілікті халықты жұмыспен қамтып отырған майда кәсіпорындар жойылды. Сонымен бірге жаңа заң актілері бойынша кәсіподақтар мен жұмысшылардың өкілетгігі қысқарды. Нәтижесінде, жұмысшылар жалақыны көтеруді және жәрдемақылар тағайындауды талап ете алмады. Сонымен қоса әлеуметтік қамсыздандырудан «жұмыспен қамту» бағдарламасына өткендіктен, адамдар мемлекет тарапынан қандай да бір көмек алу үшін, төмен жалақы берілетін ауыр жұмыс жасауы керек болды, яғни төменгі тап жұмысшыларының жалақылары қысқартылады. Қазіргі жаһанданған экономика жағдайында жұмыс берушілер көбінесе азғантай жалақыға жұмыс істейтін шетелдік компьютер бағдарламашыларын, фабрикалар мен байланыс орталығының қызметкерлерін жалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет