Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Жаңғыру және урбанизация.
Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары.
Халық туралы заманауи зерттеулер.
Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір.
Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.
Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Агломерация(латын сөзінен aggqlomero – қосамын) – қала халқының топтық формаларын білдіру үшін қолданылатын термин. Ірі қала базасында пайда болатын аумақтық-экономикалық құрылым және қаламен араласқан елді мекендердіқамтып, үлкен урбандалу зонасын құрайды. Өндірі с концентрациясының, инфрақұрылымның және халықтың жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді. Қала агломерцияларының негізгі шекарасы халықтың маятникті көші-қонның ақырғы пунктерімен анықталады.
Демография –халық дамуының жалпы заңдары туралы ғылым, ол халықтың сандық және сапалық сипаттамаларын, оның қозғалысы мен өзара байланысы дамуының үдерістерін, сондай-ақ халықты зерттеу әдістерін зерттейді.
Келушілер саны – есепті кезеңде белгілі аумаққа одан тыс аумақтан келуші адамдар саны.
Қала - өндірістік, ұйымдастырушы -шаруашылық, басқарушы, мәдени, көліктік және басқа функцияларды орындайтын ірі елді мекен. Қала «ірілігі» тұрғындар санымен өлшенеді.
Мегалополис– бірнеше қала агломерцияларының бірігуінен пайда болған жоғарғы урбандалған зона. Біріккен агломерациялар – бір транспорттық желімен байланысқан, толық қалалық құрылысты ауданы мен экономикалық потенциалы жөнінен ірі зона.
Мигрант –көші – қон процессіне қатысушы адам.Әрбір мигрант кеткен аумаққа қарай аумақтан кетуші, келген аумаққа келуші болып табылады.
Табиғи өсім коэфициенті – туу менөлімнің жалпы коэффициенттерінің айырмасы.
Урбандалу – қалалардың, қала халқының өсуінің, олардың қоғам дамуындағы рөлінің артуы және ірі қалаларға, басқа да халыққа тән белгілердің, ерекшеліктердің, өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. «Урбандалу» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді- мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі.