Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет13/45
Дата11.02.2022
өлшемі115,23 Kb.
#25288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
лекция

Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Педагогика ғылымындағы «Ұжым» туралы түсінік.

2. Жеке тұлға және ұжым.

3. Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі ретінде.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсат пен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірлігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі т.б.

Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым – қатынасы – тұрақты көңіл – күйді, бір – біріне сенімділік пен сыйласуды қалыптастырады. Сондықтан тек адамдармен шынайы достық қарым – қатынаста ғана адамның өзін – өзі дамуына мүмкіндік туады. Ол үшін адамға қолайлы жағдай жасау қажет.

А.С.Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым – тірі әлеуметтік организм, ондағы даму, «қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы», «тоқтау – оның өлу формасы». Ұжымның ондағы әрбір мүшесіне – ол «тұлғаға әсер ету құралы». Олай болса, ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: қоғамдық маңызы бар ортақ мақсатты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды; оның әрбір мүшесінің өзінің тіршілік етуінде белсенді қатынасын қамтамасыз етуді; жоғары адамгершілік қасиеттерді және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді оның жекелеген мүшесіне өзін – өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға ол үшін ұжымда жағымды көңіл – күйді қамтамасыз етуге т.б.

Ұжым – латын тілінен енген сөз. Ол бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады: жыйылған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.б.

Оқушылар ұжымы деп – ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

Ұжым (латынша collectives – жинақталған) – бір мақсатқа жұмылдырылған, бірлескен іс – әрекет пен қарым – қатынасқа негізделген адамдардың әлеуметтік – қоғамдық бірлестігі. Ұжым әлеуметтік топ ретінде айқындалады, «топ» деген сөздің бір мәні бірқатар Европалық және орыс тілінде «орта» деген мағынасын білдіреді. Топ идеясы оның құрамына енгендердің теңдігін, тұтастығын және ішкі бірлігін көрсетеді.

Ұжым – ортақ мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Олардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде іске асады. Әрбір баланың өзінің ортасы болады және бала бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін. Мысалы: отбасында, аулада, балабақшада, мектепте, сыныптағы жора жолдастары т.б.

«Балалар ұжымы» туралы А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. ғалымдардың бірқатар еңбектері бар. Атап айтсақ: А.В.Луначарский адамда қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым десе, Н.К.Крупская жеке адамның дамуы ұжымда қалыптасады деген болатын. Олар мектептегі қоғамдық ұйымдарға, оқушылардың қарым – қатынасына үлкен мән берген. Балалар ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін көрсеткен. Н.К.Крупская әсіресе мектептегі қоғамдық ұйымдарға көп мән берген. Бүгінгі «Балдырған», «Ұлан», «Жасұлан» ұйымдары Н.К.Крупскаяның ұжым, ұйым туралы пікірінің құндылығын нақтылауда.

А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. Ол ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығына ерекше тоқталды. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен және қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек деген болатын. Ұжым – тәрбиеге ықпал етуші құрал. Ал, тәрбие қос ықпал арқылы жүзеге асырылады (яғни, ол оқытушы мен оқушы).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет