Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі ұғымдары.
2. Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік – педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуімен дамуының мақсатқа бағытталған факторы.
3. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компонеттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі.
Тәрбие жүйесі туралы түсінік. Еліміздің және шетелдің көптеген ғалымдары тәрбие ерекше сала және оны оқыту мен білім беруге қосымша ретінде қарастыруға болмайды деген қорытындығы келіп отыр. Тәрбиені білім беру құрылымының бөлігі ретінде қарастыру оның рөлін төмендетеді және рухани өмірдің әлеуметтік практикасының нақты көрінісіне сәйкес келмейді. Педагог тәрбие саласына баса назар аударғанда ғана оқыту білім беру міндеттері тиімді шешіледі. Соған байланысты қазіргі мектепте тәрбиелеу мен оқыту өзінің педагогикалық жүйесінің маңызды құрамдас элементтері болып саналатын күрделі жүйе ретінде қарастырылады.
Мектептің педагогикалық жүйесі – өскелең ұрпақты мәдениетін меңгерген шығармашылықты, белсенді тұлға ретінде қоғам өміріне бейімдеу негізгі мақсаты болып табылатын мақсатқа бағытталған, өзін – өзі ұйымдастыратын жүйе. Бұл мақсат мектептің педагогикалық жүйесінің қызметінің барлық кезеңдерінде оның дидактикалық және тәрбиелік жүйесінде, сондай – ақ, барлық білім беру процесіне қатысушылардың кәсіби және еркін қарым – қатынасы саласында жүзеге асырылады.
Тәрбие жүйесі – тәрбиенің компоненттерінің (субъектілер, мақсаттар, мазмұны және іс – әрекет тәсілдері, қатынастар) өзара әсерлесу нәтижесінде қызмет ететін және ұжым өмірінің бейнесі, оның психологиялық климаты сияқты интегративті сипатқа ие болатын біртұтас әлеуметтік организм (Л.И.Новикова)
Мектептің тәрбие жүйесі төрт кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең – жүйенің қалыптасуы. Екінші кезең – жүйені жасау.
Үшінші кезең – жүйені рәсімдеуді аяқтау. Төртінші кезең – тәрбие жүйесін құру.
Тәрбие жүйесінің даму кезеңдері өзінің ядросы болып табылатын ұжымның даму кезеңдерімен сәйкестендіріледі. Жүйенің қалыптасу кезеңінде ұжым да қалыптасады. Жүйенің құрылымы мен іс – әрекетінің мазмұнын реттеуде ұжым жаппай тәрбиелеу құралы, ал берілген тәртіппен қызмет етуде ол жеке тұлғаны дамыту субъектісі болады. Мектепте ұжым құру – оның біртұтастығын дәлелдейтін тәрбие жүйесінің жаңа интегративті сапасының пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |