Күн суытты. Аспан бұлтты т.б. Ал бастауыш пен баяндауыш өз құрамына кемiнде бiр
тұрлаусыз мүшенi қатыстырса онда ол сөйлем жайылма екi негiздi жай сөйлем болады.
Кәрi әже
күндегi машығы бойынша бесiк жырын айтады. Кәмшат тез ұйықтамайды (М. Әуезов)
.
Екi негiздi жай сөйлемнiң бастауыш негiзiнен зат есiмнен жасалады. Бiрақ субстантивтенiп басқа
сөз таптары да бастауыш қызметiнде тұра бередi. Ал баяндауыш қызметiнде көбiнесе етiстiк
көрiнедi. Алайда басқа сөз таптары да баяндауыш қызметiнде өнiмдi қолданылады.
Сөйлемдердi грамматикалық жағынан екi негiздi (екi бас мүшелi) және бiр негiздi (бiр бас
мүшелi) болып құралатыны, тiптi, мүшеленбейтiн де сөйлемдердiң болатыны –
тiл ғылымында
дәлелденген құбылыс.
Сөйлемнiң басты белгiлерiнiң бiрi – предикативтiк қатынас сөйлемдегi бас мүшелердiң (бастауыш
пен баяндауыш) өзара қатынасына негiзделiнетiнi белгiлi. Алайда, сөйлемнiң мағыналық-
мазмұндық құрылымындағы бас мүшелер болып табылатын субъект пен предикат арасындағы
жақтық мағына грамматикалық ыңғайда басқаша жолдармен де берiлуi мүмкiн.
Нақтырақ
айтқанда, сөйлем үнемi екi бас мүшенiң грамматикалық қатынасынан құрала бермей,
предикативтiк мағынаны логикалық ыңғайда тұтастай бiлдiретiн бiр ғана бас мүшелiк құрылым
арқылы берiле алады. Мына мысалдар соның айғағы: -
Атпа! Тарт былай! Аруақ бары рас болса,
бұдан келген кердi көремiн! (Әуезов).
…Тәжiм еттiк бiздi тәрбиелеген аналарға! (Аймауытов).
-
Қайтемiз, жыртық көңiлдi кейде осылайша жұбатуға тура келедi (Исабеков)
. Жердi қазақтың
қара тоқпағымен өлшейдi (Мұқанов). Осы сөйлемдердiң барлығына ортақ белге – атау
септiгiндегi грамматикалық бастауыштың (немесе грамматикалық жақ) болмауы, яғни субъектiнiң
атау тұлғалы жеке сөзбен сәйкес келмеуi.
Нақтырақ айтқанда, сөйлемдер бiр ғана бас мүше
баяндауышпен құрылып, субъектi-жақтық мән басқа бiр тұрлаусыз мүше арқылы немесе бас
мүше бойныдағы тұлғалар арқылы аңғарылады, тiптi жақтық мәннің байқалмауы да мүмкiн.
Сөйтiп,
бiр негiздi сөйлемдер деп, грамматикалық жағынан бiр ғана предикативтiк бас мүше
құрылымында келiп, субъектiлiк бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтiн жай сөйлем түрiн
айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: