Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата08.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#80618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары 
Мәтін автордың ойын, оның шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін 
дүниеге келеді. Мәтін арқылы қоршаған орта және ондағы түрлі қарым-қатынастар, 
құбылыстар, сан түрлі жағдайлар т.б. туралы хабар беріліп, оны өзге адамдардың да оқуы, 
естуі арқылы түсініп ұғынуына жағдай жасалады. Бұл күрделі қатысым әрекеті бір- 
бірімен тығыз байланысып жатқан интра және экстралингвистикалық факторлар арқылы 
жүзеге асырылады. Оған мәтін, мәтінді тудырушы - автор (адресант), мәтінді 
қабылдаушы-оқырман, қабылдаушы-тыңдарман (адресат), бейнеленетін болмыс және 
өзінің ойын жүзеге асыру үшін автордың талғап, сұрыптауы нәтижесінде қолданған тілдік 
жүйесі жатады. Лингвистикалық бағыт мәтіннің тілдік ұйымдасуын анықтайды. 
Антропоөзектік бағыт автор - мәтін - оқырман қарым-қатынасын зерттейді. Танымдық 
бағыт автор – мәтін – болмыс арасындағы байланысты қарастырады. 
Мәтіннің түрлері: 
• ӘҢГІМЕЛЕУ (Оқиғаны баяндап, әңгімелеп айту. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? 
Қайтты?). 
• СИПАТТАУ (оқиғаның, заттың түрін, түсін сипаттайды. Сұрақтары: Қандай? Қай? 
Қайтіп?) 
• ПАЙЫМДАУ (Кіріспеде айтылған ойды дәлелдеп, пайымдап түсіндіреді. 
Сұрақтары: Неліктен? Не себепті? Не үшін?). 
№ 5 дәріс. Дербес жазылатын жазба жұмыстар: хат, күнделік. Әдістемесі 
 
Хат жанрының әлеуметтік маңызы зор. Жанрдың бұл түрі осы уақытқа дейін 
қолданыста бар. Дегенмен бұрынғы кезге қарағанда хат қазір көп қолданылмайды. Хат мәтіні
мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі болып санлады. Жазба тілдің ежелгі 
формаларының бірі болып табылатын хат жанрын ғалымдар «Эпистолярлық стиль», 
«Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр.
Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан. Қазақ Совет 
энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) –сан 
алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне 
жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады…» деген анықтама 
берілген. Орыс ғалымы Е.М.Виноградованың пікірінше, функцоналдық және құрылымдық 


белгілері бар кез келген мәтін эпистолярлық деп аталады.
Академик Рабиға Сыздық бұл стильге «жеке адамдардың бір-біріне жазысқан 
хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада зерттелуге тиісті материал кез-
келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен 
хаттары емес, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, 
көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс» деген 
анықтама береді. 
Яғни хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап 
жазған жеке туындысын айтамыз.
Хaттің тұрақталған үлгісі болмағанмен, өзіне тән белгілі бір жазу мәнері болады. Хат 
бірінші жақтан баяндалады. Мәселен, Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған 
хатынан үзіндіні келтірсек болады:
Құрметті Қадыр! 
Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, 
саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде 
қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба-ол арасын өзің білесің. 
«Тағы бір шындығымды айтайын.Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата 
самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың.Осыныңа қуанам, риза 
болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды 
түйін жатады.»
Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен 
белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін…) 
P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе 
қалғаны.Соны да қоса салайыншы… 
Е.М. Виноградованың еңбегінде хаттарды коммуникативтік қызметіне төмендегідей 
топтастырады: 
1. Жеке хаттар ( негізгі эпистолярлық жанрлар). Бұны іштей былайша жіктеледі: а) 
Қалыптасқан үлгісі жоқ хаттар( әлеуметтік –тұрмыстық хаттар); б) этикет түрдегі хаттар; в) 
кепілдемелік хаттар; г) Белгілі бір үлгіде жазылған хаттар. 
2. Жеке іскерлік хаттар: а) Басқа интонацияға бағытталған хаттың көшірмесі; б) 
Адресанты жасырын хаттар. 
3. Ресми-іскерлік хаттар: а) Нұсқаулық; б) Дипломатиялық; в) Хабарлама, рапорт. 
4. Әдебиеттегі хаттар ( Қосымша эпистолярлық жанрлар):
 Әдеби достық хаттар (стилистикалық стиль);
 Жариялану үшін авторлық өндеуге түскен хаттар;
 Баспалық құлақтандыру хаттар;
 Өлеңмен жазылған хаттар (арнау);
 Әдеби мазмұндағы (тұрмыстық емес) жеке хаттар; Әдeби қосымшасы бар жеке 
хаттар;
 Әдеби шығарма құрылымындағы хаттар; Ашық хат (Редакцияға жазылған хаттар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет