Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата08.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#80618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Монолог (грекше – monologos, mono – бір, logos – сөз) – бір адамның өз ойын
көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ 
уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Монологтік сөйлеуге оқушылардың белгілі бір 
тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тапсырманы баяндауы, хабарлама, баяндама 
жасауы жатады. 
Оқушылардың монологтік сөйлеу дағдыларын сыныпта және сыныптан тыс 
кездері қалыптастыруға болады. Мектеп оқушыларының монологтік сөйлеу 
дағдылары, әсіресе, ана тілі және қазақ тілі пәндерінде (әңгімелерде, ертегілерде
нақыл сөздерді,өлеңдерді оқуда) қалыптасса, ал сыныптан тыс кездерде мұғалімнің 
басшылығымен оқушылардың баяндама, реферат, ғылыми жұмыстарды қорғау 
кезінде қалыптасады. 
Сөйлеу мақсатына қарай монологтік сөйлеу үш негізгі типке бөлінеді: 
ақпараттық, сендіруші және орнатушы. 
Ақпараттық сөйлеу – білім беру үшін қызмет етеді.Ақпараттық сөйлеудің 
әртүрлілігі – дәріс, есеп, хабарлама,баяндамалар. 
Сендіруші сөйлеу – тыңдаушының көңіл-күйіне бағытталған, мұндай жағдайда 
айтушы оның қабылдануын есепке алуы қажет. Сендіруші сөйлеудің әртүрлілігі – 
құттықтаушы, мерекелік. 
Орнатушы сөйлеу тыңдаушының әртүрлі іс-әрекет түрін қалыптастыруға 
бағытталған. Мұнда саясат сөзі, іс-әрекетке шақыру сөзі, қарсылық білдіру сөзі 
белгіленеді. 
№ 7 дәріс. Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: диктант, 
жарнама, рецензия (аннотация) 
 
Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен 
ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып, оқушыларға 
жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы 
жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б. түрлері бар. Қазақ 
тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу 
процесінің ең қажетті бөлігі. ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни 
«естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын 
арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді 
қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, 
пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет