Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата07.01.2022
өлшемі455,55 Kb.
#20890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 

№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары 

Мәтін  автордың  ойын,    оның    шығармашылық  мүмкіндігін  жүзеге  асыру  үшін 

дүниеге  келеді.  Мәтін  арқылы  қоршаған  орта  және  ондағы  түрлі  қарым-қатынастар, 

құбылыстар, сан түрлі жағдайлар т.б. туралы хабар беріліп, оны өзге адамдардың да оқуы, 

естуі  арқылы  түсініп  ұғынуына  жағдай  жасалады.  Бұл  күрделі  қатысым  әрекеті  бір-

бірімен тығыз байланысып жатқан интра және экстралингвистикалық  факторлар арқылы 

жүзеге  асырылады.  Оған  мәтін,  мәтінді  тудырушы  -  автор  (адресант),  мәтінді 

қабылдаушы-оқырман,  қабылдаушы-тыңдарман  (адресат),  бейнеленетін  болмыс  және 

өзінің  ойын жүзеге асыру үшін автордың талғап, сұрыптауы нәтижесінде қолданған тілдік 

жүйесі  жатады.  Лингвистикалық  бағыт  мәтіннің  тілдік  ұйымдасуын  анықтайды. 

Антропоөзектік  бағыт  автор  -  мәтін  -  оқырман  қарым-қатынасын  зерттейді.  Танымдық 

бағыт автор – мәтін – болмыс арасындағы байланысты қарастырады.  

Мәтіннің түрлері: 

•  ӘҢГІМЕЛЕУ  (Оқиғаны баяндап, әңгімелеп айту. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? 

Қайтты?).  

•  СИПАТТАУ (оқиғаның, заттың түрін, түсін сипаттайды. Сұрақтары:  Қандай? Қай? 

Қайтіп?) 

•  ПАЙЫМДАУ  (Кіріспеде  айтылған  ойды  дәлелдеп,  пайымдап  түсіндіреді. 

Сұрақтары:  Неліктен? Не себепті? Не үшін?).  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет