Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 8 дәріс. Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: реферат



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата07.01.2022
өлшемі455,55 Kb.
#20890
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
№ 8 дәріс. Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: реферат, 

ашық хат, ұсыныс 

 

     Реферат оқушыны пән бойынша қамтылатын тақырыптарды тереңірек меңгеруге 

жетелейді. Реферат мазмұны көбінесе теориялық материалдарға негізделеді. Кәсіби 

маңызды шешімдердің нақтылығы студенттің жеке психологиялық ерекшеліктеріне 

байланысты. Бірақ бұл ерекшеліктердің ішінде оның ойлау мәдениеті мен танымдық 

қабілеті маңызды орын алады.  

     Қазіргі  заман адамы нарықтық  қоғамда көп қырлы және бәсекеге  қабілетті  болу 

үшін  оның  жан-жақты  дамыған,  білім-білік,  дағды  қоры  бай  болуы  қажет.  Осыған 

байланысты  қазіргі  заманғы  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  өздерінен 

интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды талап етіп отыр. Олар өздерінің іскерлік 

қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  ойлау  мәдениетін  де  қалыптастыруы  керек.       

Оқу қызметі де оқушы тұлғасының интеллектуалдық мүмкіндіктеріне жоғары талап 

қойып  отыр.  Қазір  таңда  ақпараттар  ағымының  көптігі  оқушыға  болашақ  кәсіби 

қызметін  бағдарлауға  қажетті  барлық  ғылыми  ақпаратты  қабылдауда  қиындық 

туғызады. Өзіне қажетті білім мен ғылыми мәліметті сұрыптап ала білу,  оқушыдан 

ойлау дәрежесі мен интеллектісінің жоғары болуын және өзінің бейімділік қабілетін 

дамытуын  қажет  етеді.            Рефераттау  сөйлеу  қызметінің  маңызды  түрі  –  оқумен 

тығыз  байланысты.  Мәтіндерді  оқу  және  оларды  рефераттау  оқушылардың  

репродуктивтік-продуктивтік  дағдыларының дамуымен  сабақтас.       Репродуктивті-

продуктивті дағдылары реферат жазуға қажетті материалдар бойынша жоспар құру, 

сұрақтарға жауап беру, тірек сызбалар мен сөздіктерді пайдалану арқылы көрінеді.  

Оқушының  репродуктивті-продуктивті  дағдысы  жинақталған  материалдардың 

маңызды  еместерін  алып  тастап,  мәтінді  қысқартуынан;  мәтіннің  құрылымын 

логикалық  бірізділікпен  қайта  өзгертуінен;  ортаға  бейімделген  қарым-қатынас 

дағдысынан байқалады.  

      Мәтінді қысқартуда әртүрлі тәсілдерді пайдалануға болады: 

 

құнды  ақпаратты  қабылдауды  неғұрлым  жеңілдететін  сызба,  кесте, 



диаграммаларды  алып  тастап,  тек  қысқаша    түсініктерге  сүйену  арқылы 

мәтінді қысқарту; 

 

мәтіннен кейбір таныс емес терминдер мен академиялық фактілерді азайту;  




 

реферат  мәтініндегі  көп  қайталанатын,  өзі  жақсы  білетін  материалдарды 



алып тастау және  т.б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет