№ 7 дәріс. Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: диктант,
жарнама, рецензия (аннотация)
Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен
ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып, оқушыларға
жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы
жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б. түрлері бар. Қазақ
тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу
процесінің ең қажетті бөлігі. ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни
«естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын
арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді
қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік,
пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |