Дәріс тезистері №1 дәріс



бет8/9
Дата15.11.2023
өлшемі62,55 Kb.
#122534
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 1 курс 2023

14 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жемістер мен тұқымдар олардың жүйесі таралу жолдары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Аналық жұмыртқада ұрықтану жүріп, ұрықтың пайда болуы басталғаннан кейін, гүл дамудың жаңа фазасына түседі, ол жемістің пайда болуымен аяқталады.
Жемістің сыртқы бөлігі жеміссерік немесе перикарпий деп аталады. Жеміссерік өсіп кеткен және көбіне қатты түріөзгерген жатын қабырғасы болып табылады, бірақ та жеміссерігінің пайда болуына гүлдің басқа да бөліктері қатысуы мүмкін. Жеміссерігінде сыртқы қабат – экзокарпийді және ішкі - эндокарпийді ажырату қабылданған. Кейбір жағдайларда ортадағы қабат – мезокарпий де жақсы көрінеді. Үш аймақтың бәрі де көбіне сүйектіжемісте – жұқа қабықша экзокарпий, етті және шырынды мезокарпий және қатты ағаш тәрізді эндокарпий анық көрінеді.
Тұқымның пісуіне дейін жеміссерік оларды кеуіп кетуден және механикалық зақымданудан сақтайды.
Консистенциясы бойынша жеміссерігі шырынды және құрғақ та болуы мүмкін. Осы негізде жемістерді шырынды және құрғаққа таза жасанды түрде бөледі. Шырынды жемістерді өз кезегінде көптұқымды және даратұқымды деп бөледі. Құрғақтарды ашылатын және ашылмайтын етіп бөледі.
Жемістің пайда болуында басты рөлді гинецей атқаратындықтан, жемістердің эволюциялық жіктелуінің негізгі бөлімшелерін гинецейдің белгілеріне қарай құрған дұрыс болады. Осыған байланысты жемістерді екі негізгі топқа бөледі: апакорпты және ценокарпты. Ал соңғысы өз кезегінде әрі қарай синкарпты, паракарпты және лизикарптыға бөлінеді.
Апокарпты жемістер. Апокарпты жемістер көптеген мөлшердегі өзара жабыса өспеген жемісшелерден тұрады және эволюциялық жағынан алғанда, қарапайым, мысалы магнолиялар, сарғалдақтыларт.б. сияқты, гүлді өсімдіктер тұқымдастарына тән болады.
Гүлді өсімдіктердің апокарпты жемістері типінің ең қарапайым, бастапқы түрі көпжапырақша болып табылады. Жапырақша тәрізді жеміс - бұл құрғақ, көптұқымды жеміс, бір жағынан (бүйірінен) ашылады. Көпжапырақша магнолия, сарғалдақтар (азиялық шомылғыш),тобылғы туыстастарына (раушангүлділер тұқымдастары) тән.
Өзгеру нәтижесінде жапырақ тәрізді жемістегі тұқымдар саны бірге дейін болғанда - көпжаңғақша пайда болды: әр жемісше-жаңғақта бір жалғыз тұқым болады. Жаңғақша – бұл құрғақ, біртұқымды ашылмаған жеміс. Көпжаңғақша жемісі көптеген сарығалдақтар (сарғалдақ), раушангүлділер (гравилат, қазтабан) тұқымдастарының өкілдеріне тән.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Ұрық қалтасында жетіледі:
A Жұмыртқа жасушасы
B Вегетативті жасуша
C Генеративті жасуша
D Тұқым бүрі
E Мегаспора
2. Ұрықтанудан кейін тұқым бүрінен пайда болады:
A Зигота
B Ұрық
C Эндоспрем
D Жеміс
E Тұқым
3. Лизикарпты жеміс ол -
A Плацентациясы бағаналы
B Бос жеміс жапырақшасы бар
C Ценокарпты гинецейден түзіледі
D Гүлдің басқа бөліктерінен пайда болады
E Тұқымсыз, ұрықтанбаған
4. Сүйекті жеміс деп:
A Мезокарпийді
B Экзокарпийді
C Тығынды
D Эндокарпийді
E Тұқым қабығын
5. Бауыр және арқа жағындағы жіктері бірдей қақырайтын, екі жеміс жапырақшалары бар, құрғақ көп тұқымды жеміс:
A Қауашақ (қорапша)
B Бұршаққынша
C Дәнек
D Топтама жеміс
E Жаңғақ
1.Жеміс жабықтұқымдылардың қандай мүшесінен пайда болады?
2.Жеміс серігі қандай қабаттардан тұрады?
3.Жемістердің қандай белгілеріне қарап жүйелейді?
4.Қандай жемісті бунақты және бөлшекті жеміс деп атайды?
5.Жемістер мен тұқымдар таралуға қалай бейімделген?рмуласы мен диаграммасы оның қандай белгілерін атаңыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет