Дәріс тезистері №1 дәріс



бет7/9
Дата15.11.2023
өлшемі62,55 Kb.
#122534
1   2   3   4   5   6   7   8   9

13 дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Гүлдің құрылысы
2. Гүлдің құрылымы, атқаратын қызметі және шығу тегі аталық және мүшелерінің жиынтығы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Гүл спораларды, айқас тозаңданудың жыныстық жасушаларын (гамет) тудыруға бейімделген, түрі өзгерген қысқартылған өркен болып табылады. Тозаңданудан және одан кейінгі жыныстық процестен кейін (ұрықтану) тұқым мен жемістер пайда болады.
Гүлдің сабақтық бөлігі түрі өзгертілген жапырақтар (гүлжапырақшалар) - күлтелер, аналықтар, гүланалықтар орналасқан, гүлсағағы мен гүл тұғырынан тұрады. Олар көбіне бірнеше қатарда дөңгелей орналасады. Аталығы мен гүл аналығы бар, гүлдерді қосжыныстылар (гермафродиттер) деп атайды. Бөлек жыныстыларда не аталығы, не тек гүл аналығы болады. Сондықтан да соған сәйкес аталық (аталық) және гүланалық (аналық) гүлдерге бөлінеді. Аталығы және аналығымен бір дана гүлді өсімдіктерді бір үйлілер, ал тек аталықты немесе аналықты тасушы гүлдерді - екі үйлілер деп атайды. Гүлсерігі қорғаныш қызметін және тозаңдандырушыларды тарту қызметін орындайды. Көбіне ол әртүрлі боялған тостаған жапырақшалардан және күлтелерден тұрады, оны жұп деп атайды. Егер гүл серігі бір түске боялған болса, оны жәй деп атайды. Жәй тостаған тәрізді гүл серігі әдетте жасыл түске боялған, жәй күлтетәріздес ашық боялған. Гүл серігі жоқ гүлдерді жалаңаш (аталық және аналық гүлдер) деп атайды. Тостаған жапырақшалар бос немесе көп не аз бірігіп өскен негіздерімен болады. Күлтелер өте ашық боялған желектерден (олар көбіне тостаған жапырақшалардан ірірек болады) – босжелекті және біріккен желектілерден тұрады.
Гүлдің барлық бөліктері саны, орналасуы және формалары бойынша әртүрлі болып келеді. Аталығы да аналығы да бар гүлді қосжынысты деп атайды; оны белгімен ***** белгілейді.
Аталығы, немесе аналығы болмайтын гүлдерді – даражынысты деп атайды. Тек аталығы бар, даражынысты гүлді, аталықты (***белгісімен белгіленеді), ал, тек аналығы бар даражынысты гүлдерді аналықты (**** белгісімен белгілейді) деп атайды. Гүлдің әр бөлігінің мүшелерінің саны санмен белгіленеді. Гүлдің құрылымын, әр бөлігіне белгі қоя отырып, формула түрінде көрсетуге болады: calyx (Ca) – тостаған (Т); corolla (Co) – күлте, желек (К); androecium (A) – андроцей, аталық (Ат); gynoecium (G) – гинецей, аналық (Ан).
Егер бір түрлі гүлдердің мүшелер саны тұрақсыз болса, (12 артық) онда ол μ белгісімен белгіленеді. Гүлжапырақшалары өзара бірігіп өскен жағдайында сан жақшаға алынады. Мысалы раушангүлділер үшін гүлдің формуласының түрі былай болады: Ч5Л5 μП1, ал бұршақ үшін- Ч(5)Л1+2+2Т(9)+1П1.
Гүлдің құрылымы туралы толық мағлұматты, оның өсіне перпендикулярлы гүлдің жазықтығының проекциясы болып табылатын, диаграмма береді. Диаграмма гүлдің бөліктерінің болуын және мүшелерінің санын ғана көрсетпей, олардың бір-біріне қатысты орналасуын да көрсетеді
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметофитін ата:
A Энотеций
B Тапетум
C Археспорий
D Экзина
E Микроспора
2. Тозаң дәндерінің құрылымын зерттейтін ғылым:
A Карпология
B Дендрология
C Палинология
D Гистология
E Биотехнология
3. Бір үйлі өсімдік дегеніміз:
A Тек аталық гүлді өсімдік
B Тек аналық гүлді өсімдік
C Аталық және аналық гүлдер бір өсімдікте өседі
D Аталық және екі жынысты гүлдер
E Аналық және екі жынысты гүлдер
4. Көбеюдің типінде ұрықтанбай тұқым пайда болу жолы:
A Аутогамия
B Аллогомия
C Клейстогамия
D Гейтеногамия
E Апомиксис
5. Гүл қоршауының қызметі:
A Қор заттарын жинайды
B Аналық гаметофитті түзеді
C Тозаң жасайды
D Гүлдің ішкі бөлімдерін қорғайды
E Органикалық заттар түзеді
1.Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?
2.Гүл түйінінің қызметі мен биологиалық маңызы неде?
3.Қосарынан ұрықтанудың мәні неде?
4.Гүл серігі және оның типтері?
5. Гүлдің формуласы мен диаграммасы оның қандай белгілерін атаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет