Дәріс тезистері №1 дәріс



бет6/9
Дата15.11.2023
өлшемі62,55 Kb.
#122534
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 1 курс 2023

12 дәріс
Сабақ. Сабақтың морфологиясы мен анатомиялық құрылысы. Сабақтың түр өзгерістері
Сабақ - өсімдіктердің вегетативтік мүшесі әрі өркеннің өстік бөлімі. Ол үнемі ұшынан және қыстырма меристемасынан өседі. Оның тік, көтеріңкі, төселмелі, өрмелегіш, шырмалғыш түрлері кездеседі. Анатомиялық құрылысы эпидерма, алғашқы қабық, эндодермадан және орталық цилиндрден тұрадыАлғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде камбий түзіледі. Одан алғашқы флоэмамен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады.Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысындағы ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі. Соңғы құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың – камбийдің пайда болуымен байланысты.
Сондықтан да ол жалаңаш тұқымдыларға және қосжарнақты жабық тұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтың өзіне тән – гистологиялық элементтері – сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердіңпаренхималары бар, соңғы флоэмадан тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтан, сүректік паренхимадан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Сабақтың ең аз атқаратын қызметін төмендегілерден табыңыз:
A Жапырақты ұстап тұрады
B Топырақтан минералды тұздарды сіңіреді
C Фотосинтез
D Қор заттарын жинайды
E Гүлдер пайда болады
2. Сабақта гүл жапырақтары, жапырақ тақталары жақсы жетілген, гүл шоғыры:
A Парциальды
B Фрондозды
C Брактеозды
D Эбрактеозды
E Фрондоз-брактеозды
3. Қысқарған сабақтарды көрсет
A Алма, алмұрт
B Қайың, емен
C Итмұрын, жыңғыл
D Шалфей, қаражидек
E Ақбас капустадан, пиязда
4. Өркен дегеніміз:
A Сабақ
B Сабақ, жапырақ, тамыр
C Бүршігі мен жапырағы бар сабақ
D Бүршік
E Буынаралықтары
5. Қор заттарын жинайтын сабақ қабаты:
A Қабық
B Тін
C Өзегі
D Сары қабық
E Камбий
1.Сабақ деген ұғымға түсініктеме бер
2.Сабақтың соңғы құрылысы қалай анықталады?
3.Дара жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағы қалай жуандайды?
4.Жас сабақтың жасыл түсі немен байланысты?
5.Сабақ құрылымының қалыптасуында шоқаралық камбидің рөлі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет