Дәріс тезистері 1-тақырып. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


Сауат ашуға қажетті құрал-жабдықтар



бет5/23
Дата03.12.2023
өлшемі327,5 Kb.
#133053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері

Сауат ашуға қажетті құрал-жабдықтар.
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал – «Сауат ашу-1» және «Сауат ашу-2». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынатын суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Бұл суреттер, бір жағынан, лингвистикалық мақсат көздесе, екінші жағынан, балалардың мектепке дейінгі үйренген сөздік қорын сарқа қолдану арқылы тілдерінің даму деңгейін байқау үшін берілген. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т.б. бар.
Әліппегі қосымша көрнекі құрал – кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді. Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады, онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады. Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызыл дауысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Бұл айтылғандардан басқа кестелер де қолданылуы мүмкін.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материалдар да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар, кейбір жағдайда олар – клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайда – әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т.б. Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал – оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын сызбаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, сызбаны толтыруға кіріседі (дәптерге – түсті бояу қарындашпен, тақтаға – дөңгелекшемен, сызықшамен т.б.). Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарды анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.
Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады. 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін; 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет