Зар заман ақындары: Дулат Бабатайұлы шығармашылығы және оны меңгерту әдістері Зар заман поэзиясын - қазақ әдебиеті тарихындағы элегиялық, мұңлы-шерлі шығармалардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге арналған саласы. «Зар заман ақындар» деген атауды Мұхтар Әуезов Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауларының атына байланысты алған зар заман поэзиясының бастауы байырғы түркі өркениет жазба ескерткіші «Күлтегін», «Тоны көктен» бастау алады. Одан кейін Алтын Орда ( XII-ХІVғ.ғ.), Қазақ хандығы (ХV-ХVШғ.ғ.) кезеңдеріндегі жыраулар поэзиясымен жалғасады. Әсіресе, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар толғауларында заман зары мол.
Зар заман поэзиясындағы ХVІП-ХХ ғ.ғ арасындағы жолы туралы Мүхтар Әуезов былай дейді: «Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі».
Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсаң, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. (Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. -А: Ана тілі, 1991.-Б. 192)
Дулат ақынның өзіне дейінгі әдеби үдеріспен үндестігі, шығармашлық ерекшелігі және ақынның зар замандық сипат белгілері. Поэмалары мен мысалдары. Абаймен үндестігі
1
3
3-дәріс. ХІХ ғасырдағы күрескерлік рух және Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы Махамбет Өтемісұлы ішкі Бөкей Ордасының Бекетай құмында (қазіргі Батыс Қазақстан облысына қарасты қазіргі Жәнібек ауданында, Нарын құмында) 1803 жылы дүниеге келген. Бірқатар зерттеушілер 1803 жылы дүниеге келді десе, ендігі бірі 1804 жылы дүниеге келген дегенді ұстанады. Бірегей ғалымдар Е. Бекмаханов, М. Қозыбаев батырды 1803 жылы дүниеге келген деп есептейді. Белгілі тарихшы И. Кенжалиев өзінің еңбегінде «Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы бұрынғы халық «Ішкі тарап» деп, отаршылар кейін «Ішкі, Бөкей ордасы» деп атаған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Бекетай құмында дүниеге келген» деп нақты тұжырымдайды
Жәңгір хан 1836 жылдың 7 мамырында Махамбетті Күшік Жапаровты өлтірді деп айыптап, Орынбор шекара комиссиясына рапорт берген болатын. Осы іске байланысты құрылған комиссияға, істі жүргізуші тергеушіге Махамбет Өтемісұлы: «Менің атым Мұхамет Өтемісұлы, жасым 33-те, дінім мұсылман, татарша сауаттымын, орысшада аздап оқып, жаза аламын» деп жауап берген
Бала кезінен Ұлы Далаға аты мәшһүр ақындар мен жыраулардың шығармаларына қанық болып өскен. Заманына сай мұсылманша сауатын ашып, орыс тілімен қатар татар және араб тілдерін меңгеріп алды.
Махамбеттің әкесі Өтеміс ықпалды билердің бірі болған. Старшина болып ел басқарды. Ондай қызмет Махамбетпен бір туған Тоқтамыс, Бекмұхамбетке де бұйырған. Өтеміс Беріштің 19 биінің бірі, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, орақ ауызды шешен, би болған.
1816 жылы сұлтан өз адамдарымен Өтемістің ауылын шапқан. Сұлтанға қарсы арызданғанымен одан еш нәтиже шықпайды, керісінше, Өтемістің өзіне қарсы айыптар тағылды. Ақыры Орынборда қамауға алынады. Ал 1817 жылдың 2 қарашасында қамауда қайтыс болған. Осылайша, Махамбет Өтемісұлы жастайынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесін көріп өседі.
Өтемістен он ұрпақ тараған. Осы он ұлының ішінде Бекмұхамбет, Қожахмет, Сүлеймен, Қасен, Есмайыл, Досмайыл, Ыбырайым атты ұлдары Махамбеттің жанынан табылып, азаттық қозғалысының белді қатысушылары болды.
Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Талма талтүс шағында
Тай жеген тарлан бөрі едік...
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған
Санаулы сәнді орданың бірі едік!
1824-1828 жылдары Махамбет Өтемісұлы Орынборда оқып жатқан Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі болды. Сол қалада тұрды деген мәліметтер де бар. Алайда Махамбет Зұлқарнайынның жанында ұзақ уақыт жүрмеген. Себебі 1834 жылдары Бөкей Ордасындағы саяси шиеленістерге белсенді атсалысты. Тіпті, сол жылы старшын болып тағайындалады. Осылайша, Жәңгір хан Исатай бастаған азаттық қозғалыстың басты дем берушісі Махамбетке шен беру арқылы оның саяси көзқарастарын өзгертуді көздеген. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Оған дейін батыр Жәңгір ханның жақыны саналған. Алайда уақыт өте келе, наразы халықтың жағына шығып, азаттық қозғалысты ұйымдастырушылардың қатарына қосылды.
Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер («Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асанбай», «Атадаң туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», т.б.).Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі («Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі – сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шаңдоздан»).