12-дәріс. Ыбырайдың прозасы және хакім Абайдың лирикасы
Ы.Алтынсарин-ағартушы-қаламгер,үстаз-жазушы,ақын,этнограф, аудармашы. Ислам өркениеті тағылымын қазақ сөз өнерімен ұштастырған.Қазақ мектебі үшін тұңғыш рет «Қазақ Хрестоматиясы» оқу құралын жазды.Қазақ мектебі үшін түңғыш рет ислам діні қағидаларын түсіндіретін оқу құралын («Шаршат-ұлы-ислам») -«Мұсылманшылық тұтқасы» жазды.Ы.Алтынсариннің әңгімелері-қазақ жазба прозасы қалыптасуы тарихындағы бастау негіздің көрсеткіші. Прозалық жазба әңгімелердің композициялық-сюжеттік желісіндегі өмірлік шындық оқиғаларынан адамгершілік тәрбиесі ұлағатына баулу жүзеге асырылған. Яғни,жазушы әңгімелерінің көркемдік түйіні-адамгершілік абзал қасиеттерге баулу.Адамдарды еңбексүйгіштікке,өмірді бағалауға баулу-әңгімелер арқауы. Мысалы: «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «Малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық»,т.б. әңгімелерде адамды тәрбиелеудің философиялық, психологиялық мәселелері мол қамтылған. Әңгімелердегі кейіпкерлерді даралау, мінездеу арқылы тіршілік қозғалысындағы қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі мәселелері сараланған.
|
|
13
|
13-дәріс. Хакім Абайдың лирикалық және эпикалық поэзиясы, аудармасы
Абай шығармашылығының қалыптасуына үш арна ықпал етті -Қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры,ақын-жыраулары,т.б.) -Шығыстың классикалық әдебиеті,ғылымы -Орыстың классикалық әдебиеті, Еуропаның философиялық ғылымыАбайдың лирикалық өлеңдерін,уақыты мен жанрлық сипатына қарай былай бөлеміз:-Жас шағындағы өлеңдері: «Иүзи-Раушан», «Фзули-Шэмси», «Әлиф-би»,, «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік»-Азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша қүдай», «Көкбайға», «Қартайдық қайғы ойладық», «Қалың елім,қазағым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға май бітпес», «Өлсе өлер», «Сенбе жүртқа», «Өлсем артым қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»,«Сегізаяқ», «Ішім өлген,сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ»,т.б. -Махаббат ғашықтық сезім жырлары :«Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Қызарып,сүрланып», «Көзімнің қарасы», т.б.
|
|
14
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |