Дәріс тезистері №апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 1-дәріс. Әлемдік әдеби үдеріс және ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті


-дәріс. Майлықожа мен Базардың поэзиясы



бет4/8
Дата26.12.2023
өлшемі61,4 Kb.
#143630
1   2   3   4   5   6   7   8
6-дәріс. Майлықожа мен Базардың поэзиясы
Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен, қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлендер, айтыстар.Толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар:– адамзатты биіктікке, парасаттылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;– жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;– фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екеңдігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б.Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдаберген байға», т.б.
Базар Оңдасұлы толғау, термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн сипаты:– көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның», «Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен», «Өсиет», т.б;– халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін», «Атасы жақсы қандай-ды», т.б.




7

7-дәріс. Зар заман ақындары: Шортанбай Қанайұлы мен Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасы
Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал–Сегіз») фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік. Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат («Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарын жырлауы.Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері («Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражан болысқа»).Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.
Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық («Мұраттың жалпы айтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім», т.б.).Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қыз ұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.




8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет