Дәріс тезистері Дәріс Бағалаудың теориялық аспектілері. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесі


Дәріс 5. «Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау



бет5/10
Дата28.11.2023
өлшемі63,91 Kb.
#130587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс тезистері Дәріс Бағалаудың теориялық аспектілері. Білімді -emirsaba.org

Дәріс 5. «Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін олардың оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағдысы қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін нақты анықталған, алдын ала белгіленген критерийлермен салыстыруға негізделген.
Тапсырма құрастыру барысында қамтылатын оқу материалының мазмұны мен көлемі бағалау түріне, яғни, қалыптастырушы немесе жиынтық бағалау өткізуге байланысты ерекшеленеді:
  • қалыптастырушы бағалау мақсатында оқушыларға оқу материалын меңгеруде дер кезінде нақты көмек көрсету үшін ықшам мазмұнды қамтитын тапсырмалар әзірлеу;


  • жиынтық бағалау үшін тапсырмада оқушылардың оқу бағдарламасының нақты бөлімін меңгеру деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу материалын қамту;


  • жиынтық бағалау тапсырмасы мазмұнында оқушының белгілі бір оқу кезеңдегі межеленген оқу нәтижелеріне қол жеткізгенін көрсететін және соны растауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту.


Слайдта бағалау құралдарын әзірлеудің жалпы сызбасы көрсетілген.


Бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері бағалау түрлері мен бағалау процедураларының талаптарына, пәннің мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Бағалау түріне сараланған көзқарас бағалау тәжірибесінің оқушылардың оқуына тигізетін әсерін талдауға мүмкіндік береді. Оқыту мен бағалауды ықпалдастыру барысында келеңсіз жағдайларға жол бермеген дұрыс. Яғни бағалау оқушылардың жаттанды білім қалыптастыруына, материалдың мазмұнына бойламай, ақпаратты қарапайым есте сақтауға әдеттендірмеуі керек.
Қалыптастырушы бағалау процесін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалім оқу процесінде және қалыптастырушы бағалау барысында пәннің оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қарастыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет