Дәріс тезистері Дәріс Бағалаудың теориялық аспектілері. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесі


Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады



бет6/10
Дата28.11.2023
өлшемі63,91 Kb.
#130587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс тезистері Дәріс Бағалаудың теориялық аспектілері. Білімді -emirsaba.org

Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады:
Алдымен: пәннің оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
Екінші: таңдалған оқу мақсаты бойынша Блум таксономиясына сүйеніп бағалау критерийлерін құрастыру;
Үшінші: тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;
Осыдан кейін бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
Дәріс 6-7. Жабық және ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері.
Түсіну және қолдану деңгейіндегі тапсырмалармен салыстырғанда пайымдауға берілген тапсырмалар оқушының осы тақырып бойынша әбден ойланып, жаңа білімін іс-әрекетте қолдану жолын өз бетінше дұрыс табуын көздейді. Оқушының білімін өмірде қолдану туралы ойлануы оның өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуіне мүмкіндік береді. Оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді.
Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек.
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзындығына немесе көлеміне қарай ерекшеленеді. Ол бір немесе бірнеше сөздерден тұратын қысқа жауаптан бастап толық дәлелді пайымдау түріндегі толық жауапқа дейін болуы мүмкін.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше сөйлем, түсініктемелерді, сызбаларды немесе бірнеше кезеңнен тұратын дәлелдеулерді келтіре отырып орындау қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел түрінде келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну сияқты оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын меңгеруі тексеріледі. Бірақ, бағалау құралы ретінде эссені қолданудың кемшіліктері де бар. Оған эссенің шектеулі материалды қамтитынын жатқызуға болады. Бұл бағалаудың валидтілігін төмендетеді. Сондай-ақ эссе көп уақытты қажет етеді, оның нәтижесін бағалау қиын және мұнда бағалаушының жеке көзқарасы, субъктивтілік орын алуы мүмкін.
Эссе форматында тапсырма құрастыру жөнінде қысқаша мынадай ұсыныс беруге болады:
1. Тақырыпты немесе эссе сұрақтарын тұжырымдаңыз. Сұрақ оқушылар не туралы жазатынын анық біліп, түсінуі үшін нақты да түсінікті болуы керек.
2. Оқушылардың неше сөз/сөйлем/парақ/параграф жазатынын анықтап беріңіз. Өйтпеген жағдайда біреуі 5 сөйлем, басқа біреуі 50 сөйлем жазуы мүмкін.
3. Тапсырмада қосымша сұрақтар қоймаңыз. Артық сұрақтар нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін.
4. Эссе жазудың әр деңгейі туралы ойланыңыз. Жоғары деңгейде жазылған эссенің дәлелдемесі қандай? Төмен деңгейде жазу дәлелдемесі қандай болады?
5. Эссенің қалай бағаланатыны туралы ойланыңыз. Бағалауда қандай тәсіл қолданасыз?
6. Оқушыларды эссе жазуға дайындаңыз. Эссе нәтижесінің валидтілігі оқушылардың эссе жаза білуі дағдысына байланысты. Оқушыларға эссені қалай жазу керек, оның құрылымы қандай болу керек, олардан не күтесіз – осы туралы түсіндіріп айтуға уақыт бөліңіз.
Жалпы, ашық тапсырма құрастыру барысында келесі талаптарға назар аударған жөн:
  • Тапсырманы, сұрақты анық және түсінікті түрде тұжырымдаңыз.


  • Сұрақты ақпараттық және сұраулы бөлікке бөліңіз.


  • Оқушының мәдениет, жас ерекшеліктерін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, яғни тапсырма оқушылар ұғатын түсінікті тілде берілуі қажет.


  • Барлық мүмкін нұсқаларды есепке алып, жауап үлгісін анықтаңыз, оны тапсырма нәтижесін тексеру кезінде қолданыңыз.


  • Тапсырмаға белгіленген жалпы балл мөлшерінің жауап бөліктеріне қалай үлестірілетінін көрсетіңіз.


  • Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптестеріңізді тартыңыз. Қажет болған жағдайда құрастырылған тапсырманы түзетіңіз, өзгеріс енгізіп, толықтырыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет