Дәріс тезистері Дәріс Бағалаудың теориялық аспектілері. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесі


Дәріс 11-12. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау процесі. Балл қою кестесі



бет7/9
Дата21.02.2023
өлшемі46,26 Kb.
#69752
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс (тезис)

Дәріс 11-12. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау процесі. Балл қою кестесі
Енді тоқсан бойынша жиынтық бағалау процесін қарастырайық.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяқталғанда оқушының оқу тоқсаны көлеміндегі жетістігін өлшейді, оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады. Оның нәтижесінде тоқсандық қорытынды баға қою кезінде есепке алынатын балл қойылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырғанда оқушының түрлі ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін деңгейлік тапсырмаларды қарастыру қажет. Тапсырмалар төменгі ойлау деңгейлерімен қатар тест спецификациясына сәйкес талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғары ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретіндей әзірленеді.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру пәннің оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлағанда алдымен тест спецификациясын, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек.
Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық тоқсандық жиынтық бағалау өткізуге болмайды. Сондай-ақ бағалау жұмысы тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір пәннен бөлім және тоқсан бойынша бағалау жұмыстары бір күнде өткізілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау процесі пән бойынша тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері ұсынылған тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес ұйымдастырылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы бағалаудың мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі бөлімдерден тұрады:

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды әр тоқсан бойынша бөлу;

  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектеп өз бетінше тапсырмаларды құрастыруына болады. Бөлім және тоқсандық жинтық бағалау тапсырмаларын мектеп мұғалімдерінің өздері құрастырады.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллель бойынша барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бағалау үшін мұғалім сараланған, жеке тапсырмаларды дайындап, қолданады.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары әр түрлі болуы мүмкін, мысалы:

  • шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, зерттеу тапсырмалары, жобалар, эссе және т. б.;

  • бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары;

  • бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары;

  • сәйкестендіруге арналған тест тапсырмалары;

  • қысқаша жауапты талап ететін ашық тапсырма;

  • толық жауапты талап ететін ашық тапсырмалар.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлегенде пәннің сынып бойынша дайындалған спецификациядағы «Жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы» кестесін басшылыққа алу керек. Мұнда оқу мақсаттары, бөлімге белгіленген балл мөлшері стандартталған, ал кестедегі жұлдызшамен белгіленген тапсырмалардың саны мен түрін, оқу мақсаттарына сәйкес балл мөлшерін мұғалім ыңғайына қарай өзгертуіне болады.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмінің келесі қадамдарын анықтауға болады:

  • оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына шолу жасау, талдау;

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясын зерделеу;

  • нақты тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасына шолу;

  • тоқсандық жиынтық жұмыс нұсқаларын құрастыру;

  • тапсырмалардың балл қою кестесін құрастыру.

Сонымен, қорытындылайтын болсақ, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары пәннің сынып бойынша дайындалған тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес әзірленеді. Жиынтық жұмыс тапсырмаларын бағалау үшін оларға сәйкес балл қою кестесі құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет