Дәріс тезистері дәріс Кіріспе. Адам анатомиясының тарихы, бөлімдері, зерттеу әдістері



бет4/15
Дата14.10.2023
өлшемі93,48 Kb.
#113994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәріс 4.
Жалпы миология
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Миология ғылымы

  2. Бұлшық еттің құрылысы

  3. Бұлшық еттің маңызы

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Миология (myologia, грек, mys — ет, logos — ілім) — адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер адам мен жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Бұлшықеттер: қаңқа бұлшықеттері, ішкі бұлшықеттер және жүрек бұлшықеттері болып бөлінеді. Ішкі бұлшықеттер (висцеральды бұлшықеттер) ішкі мүшелердің және қан, лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды түзеді. Бұлар мезенхимадан дамып жетіледі. Миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады және еріксіз жиырылады. Жүрек бүлшықеттері жүректің ортаңғы етті қабығы —миокардты құрайды. Миокард мезодермадан дамып жетіледі, кардиомиоциттерден тұрады, еріксіз жиырылады. Қаңқа бүлшықеттері қаңқа сүйектеріне бекіп, оларда орналасып, қаңқа сүйектерімен бірге тірек-қимыл аппаратын құрайды. Қаңқа бұлшықетері ерікті жиырылады, бұлшықет талшықтарынан (миосимпласттардан) тұрады, мезодерманың миотомынан дамып жетіледі. Қаңқа бұлшықеттері: біліктік және шеткі қаңқа бұлшықеттері болып екі топқа бөлінеді. Біліктік қаңқа бұлшықеттері өз кезегінде: бас, түлға, құйрық еттері болып үш топқа бөлінеді. Бас бұлшықеттерін: бет (ымдау) және шайнау бұлшықеттері құрайды. Тұлға бұлшықеттері:
1. Алдыңғы аяқты (адамда — қолды) тұлғаға бекітетін бұлшықеттер,
2. Көкірек керегесінің бұлшықеттері,
3. Құрсақ қабырғасының бұлшықеттері,
4. Омыртқа бағанының бұлшықеттері болып бөлінеді.
Шеткі қаңқа бүлшықеттерін: алдыңғы аяқ (адамда — қол) және артқы аяқ (адамда — аяқ) бұлшықеттері құрайды. Қол-аяқтар бұлшықеттері эсер ететін буындарға байланысты бөлінеді. Алдыңғы аяқ (қол) бұлшықеттері: иық, шынтық, тізе (адамда — білезік) және бақай (адамда — саусақ) буындарының бұлшықеттері болып бөлінеді. Артқы аяқ (адамда — аяқ) бұлшық еттері: жамбас-ортан жілік, тобық (адамда — тізе), тілерсек (толарсақ) және бақай (адамда — саусақ) буындарының бұлшықеттері топтарына ажырайды.
Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі. Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет