Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет3/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Морфологиялық белгі
Морфологиялық белгі сөз тіркесі құрамындағы сөздердің қандай грамматикалық формаларда тұрғанын анықтайды. Сөз тіркесі құрамындағы сөздер септік жалғау формасында, тәуелдік жалғау формасында, жіктік жалғау формасында, көсемше формасында, есімше формасында, түбір қалпында тұрады. Морфологиялық белгісіне қарай олардың синтаксистік қызметі айқындалады.
Синтаксистік белгі
Синтаксистік белгі сөз тіркесі сыңарларының арасындағы синтаксистік қатынасты айқындайды. Сөз тіркестері предикаттық, атрибуттық, объектілік, адвербиалдық қатынастарда жұмсалады.


Семантика-грамматикалық жақтан байланысу сөз тіркесінің құрамындағы семантикалық қатынастарды, сөз тіркесіне тән синтагмалық байланыстың түрлерін, сөз тіркесі синтаксемасын, сөз тіркесіне тән валенттілік түрлерін айқындайды. Қазақ тілінде сөз тіркесі құрамындағы сөздердің мағыналық жақтан бірлікте келуі лексикалық мағынаның ішкі түрін анықтайтын семантикалық өріспен тығыз байланысты болады. Лексикалық мағынаның ішкі түрі екі түрлі үлкен семантикалық құрылымнан тұрады. Біріншісі ─ сөздердің атауыштық мәнін анықтайтын семантикалық құрылым. Екіншісі ─ сөздердің семасиологиялық мәнін анықтайтын семантикалық құрылым. Олар сөз тіркесі құрамындағы сөздердің семантика-грамматикалық жақтан байланысу жолдарын анықтауға негіз болады.
Сөздердің атауыштық мәнін айқындайтын семантикалық құрылым тілдің үш түрлі семантикалық қабатынан (денотат, сигнификат, коннотат) тарайды.
Денотат – болмыстағы заттар мен құбылыстарға, сапа мен қасиеттерге, жағдайлар мен әрекеттерге берiлген атаудың заттық-ұғымдық қасиетін анықтайды.
Сигнификат – болмыстағы заттар мен құбылыстарға, сапа мен қасиеттерге, жағдайлар мен әрекеттерге берiлген атаудың ерекше қасиеттерін анықтайды.
Коннотат – болмыстағы заттар мен құбылыстарға, сапа мен қасиеттерге, жағдайлар мен әрекеттерге берiлген атаудың бейнелi, көркемдік қасиетін анықтайды. Олай болса, денотат атаулық ұғымды анықтайтын семантика, сигнификат – атаулық ұғым қасиеттерін анықтайтын семантика, коннотат – атаулық ұғымның экспрессивті мәнін анықтайтын семантика. Атаулық ұғымды анықтайтын денотаттық семантикадан нақты мағына мен абстракт мағына, атаулық ұғымның ерекше қасиеттерін анықтайтын сигнификаттық семантикадан контекстік мағына мен тұрақты мағына, атаулық ұғымның экспрессивті мәнін анықтайтын коннотаттық мағынадан ауыспалы мағына мен келтірінді мағыналар қалыптасып, олар синтаксистік байланысқа түскен сөздердің тілдегі атқаратын қызметін анықтайды.
Нақты мағына – көзбен көруге, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстарға ие болған атауларда болады. Мысалы, Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы(А) сөйлеміндегі интернат, бала сөздері нақты мағыналары арқылы қазақ сөзі абстракт мағында байланысады. Мысалы, интернатта оқып жүр нақты мағына мен абстракт мағына, қазақ баласы абстракт мағына + нақты мағына, талай бала абстракт мағына мен нақты мағыналары арқылы семантикалық жақтан үйлесім тауып, грамматикалық байланысқа түседі.
Абстракт мағына. Адам санасы арқылы түйсiнiп қабылдайтын атаулар абстракт мағынаны бiлдiредi. Мыслы, ауа, жеңіл, кеңістік т.б
Мәселен, Ақыл – тозбайтын тон, Бiлiм – таусылмайтын кен (мақал) Ақыл, білім сөздері – абстракт мағынада жұмсалады. Жақын жерде, жолдың сол жақ көгалды бұлақ басында, жеті-сегіз үйлі ауыл отыр екен. (М.Ә) сөйлеміндегі жақын жер, көгалды бұлақ, жеті сегіз үй деген сөз тіркестерінің құрамындағы жақын сөзі жердің көлемін білдіріп, абстракт мағынада, көгалды сөзі бұлақтың маңын анықтайтын сапаны көрсетіп, абстракт мағынада жеті-сегіз сөзі үйдің мөлшерін анықтап, абстракт мағынада қолданылады. Сөз тіркесі құрамында абстракт мағына + нақты мағыналар семантикалық үйлесімділікке ие болып, грамматикалық байланысқа түседі.
Контекстік мағына – сөз тіркесінің ішінде не сөйлемнің құрамында мәні нақты айқындалатын мағына. Бұл туралы I.Кеңесбаев: «Қандай болмасын бiр сөйлемнiң, бiр тiркестiң құрамындағы сөз контексте бiр-ақ мағынада қолданылады. Жат есiктi және қорып, Жара салма сен маған! Жұрт жамандар жатқа жорып, Жалынамын мен саған! (А) дегендегi екi рет қайталанған жат сөзiнiң алғашқысын тұрақты, екiншiсiн тұрақсыз контекстiк мағынада қолданылған. Олардың мағынасын синонимдер арқылы анықтауға болады. Алғашқысын дұшпан, бейтаныс деп алсақ, кейiнгiсiн басқаға деп өзгертер едiк», –дейдi.(Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1954)
Контекстiк мағына да атау болып тұрған сөздiң сигнификаты арқылы айқындалады. Бұл атаудың мәнi сөз контекске түскенде белгілі болады. Мысалы, Ақыл сенiң қырың көп, жүрек сенiң ол көп қырыңа жүрмейдi. Жақсылық айтқаныңа жаны-дiнi құмар болады (А.) дегенде сенің қырың, көп қыр тіркестеріндегі қыр сөзi дөңес, биiк жер, қырат деген мағынада емес, ақылдың әр түрлiлiгiн айтып контекстiк мағынада қолданылған. Сөз тіркесі құрамында нақты мағына + контестік мағына (сенің қырың), абстракт мағына + контекстік мағыналар (көп қыр) семантикалық жақтан үйлесіп, грамматикалық байланысқа түседі.
Ауыспалы мағына. Заттар мен құбылыстардың, сапа мен қасиеттердiң, жағдайлар мен әрекеттердiң ерекше бiр қасиетiнiң қоршаған ортаға ықпалынан пайда болған мағына. Мысалы, бас деген сөз адам мен хайуанаттар денесiнiң қөз, мұрын, ауыз, құлақ, ми орналасқан мүшесi ретiнде нақты мағынада тұрса, осы мүше дененiң жоғарғы жағында орналасып, ми арқылы бүкiл дененi басқаруының тілге ықпалы бар. Осындай ықпалдардан тiлдiк ұқсату заңы пайда болады. Бас дененiң жоғарғы жағында орналасқандықтан әр түрлi заттардың ең жоғарғы жағы, төбесi, ұшы, биiк жерi деген ұғым қалыптасып, бидай басы, таудың басы, өзеннiң басы дегендегi бас сөзi көп мағынаға ие болады. Бастың ми арқылы бүкiл дененi басқару әрекетiнiң ықпалынан ел басы, ұжым басшысы дегендегі басшы, бас сөздерiнен ауыспалы мағына қалыптасады. Ауыспалы мағынада қолданылатын сөздердi тiлдiк (сөздiк) метафора деген атаумен Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы өз еңбектерiнде былайша топтастырады:
А) тұлға ұқсастығы. Мысалы: қанат – құстың қанаты, ұшақтың қанаты; құлақ – адамның құлағы, қазанның құлағы, домбыраның құлағы; жон – малдың жоны, таудың жоны;
ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тiл – адамның тiлi, сағаттың тiлi; жабу – есiктi жабу, iстi жабу;
б) заттардың қызметiндегi ұқсастық. Мысалы, аяқ – адамның аяғы, жұмыстың аяғы; серiк – адамның серiгi ( жолдасы), жер серiгi;
в) ұғымдардың бiр- бiрiне қатыстылығынан туатын ұқсастық. Мысалы, жiңiшке – жiңiшке жiп, жiңiшке бел, жiңiшке өзен; сұлу – сұлу адам, сұлу табиғат; ащы – ащы тұз, ащы зар, ащы өмiр; өткiр – өткiр пышақ, өткiр ой; құлау – аттан құлау, емтиханнан құлау; қану – шөлi қану, айызы қану, ұйқысы қану т.б Мағына ауысу тәсiлi ұқсату заңына сәйкес. Ұшақтың қанаты, қазанның құлағы, домбыраның құлағы, таудың жоны, сағаттың тiлi, iстi жабу, жұмыстың аяғы, жер серiгi, жiңiшке бел, жiңiшке өзен, сұлу табиғат, ащы зар, ащы өмiр, айызы қану, ұйқысы қану дегендегi қанат, құлақ, жон, тiл, жабу, серiк, жiңiшке, сұлу, ащы, өткiр, құлау, қану, сөздерi ауыспалы мағынада жұмсалған. Сөз тіркесі құрамында нақты мағына + ауыспалы мағына (ұшақтың қанаты, қазанның құлағы, домбыраның құлағы, таудың жоны, сағаттың тiлi, жер серiгi), абстракт мағына + ауыспалы мағына (жiңiшке өзен, сұлу табиғат, ащы зар, ащы өмiр, айызы қану, ұйқысы қану) байланысқан. Ауыспалы мағына сөздiң коннотаттық қасиетiнiң негiзiнде қалыптасқандықтан метафоралық сипатта жұмсалады.
Келтірінді мағына – заттар мен құбылыстардың, сапа мен қасиеттердің, жағдайлар мен әрекеттердің экспрессивті сипаты мен эмоционалды қызметінен пайда болған сөздің әсерлі, бейнелі мағынасы. Сөздiң келтiрiндi мағынасы тiлдiң бейнелiлігін, көркемдiгiн жасайды. Келтiрiндi мағына көркем шығарма тiлiнде жиі қолданылады. Келтірінді мағынаны жоғарыда аталған еңбекте поэтикалық метафора деп те атайды. Оның тiлдiк қатынасқа түсу жолдары былайша сараланады: “Ақындар айтыс өнерiнде түйенi – шөл кемеге, комбайнды жер кемеге балау арқылы өз ойын тыңдаушыға соншама әсерлi етiп жеткiзiп бере алған. Осындай бейнелi теңеу ауыздан-ауызға таралып, бiрден-бiрге жатталады. Ақырында жалпыхалықтық сипат алып, тiлге әбден етене болып сiңiсiп, халықтық мүлiкке айналады. Сөйтiп, қолданыстың бiр саласында сақталып қалады. Бiр кезде мақтаны ақ алтынға, көмiрдi қара алтынға, астықты сары алтынға балап жай қолданған болсақ, бүгiнгi таңда осы метафоралық теңеулер әдеби тiлiмiзге әбден сiңiстi болып, бiржола орнығып алды. ”(93- бет) Әдеби тiлдiң нормасына енiп кеткен мұндай сөздердiң келтiрiндi мағынасы туралы тағы былай дейдi: “Бұлар сөздiкте сөздiк мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгiлi контексте ғана ұшырсатын сөздiң келтiрiндi мағынасы қашанда әр автордың өзiндiк ерекшелiгiн көрсетедi. Сондықтан келтiрiндi мағына әрдайым құбылмалы болады”( 94-бет) Мысалы, Алдағы зор иман, зор үміт көз алдыма келіп, жүрек күйіп қорғасындай еріп кетті.(С.С) қорғасындай еріп кетті келтірінді мағына + абстракт мағына байланысқан. Ауыспалы мағына мен келтірінді мағына автордың өзіндік ерекшелігін танытатын құбылыс болғандықтан олар тілде бейтарап қызмет атқарады.
Тұрақты мағына – нақты мағынадағы сөздiң ерекше қасиетiнен өрбiген мағына. Ғалым I.Кеңесбаев тұрақты мағынаға байланысты былай дейдi: “Сөздiң негiзгi мағынасынан өрбiген жаңа мағына бiрте-бiрте тұрақты мағынаға айналады. Мысалы, күн деген сөздi алайық. Оның негiзгi мағынасы планетаның атауы болуында дау жоқ. Бiрақ осы мағынадан дамып күн уақыт мағынасында қолданыла келе тұрақты мағына болып кеткен”. Күн сөзiнiң тұрақты мағынаға ие болуы жердiң күндi айналу циклi барысында қалыптасты. Цикл – құбылыстардың белгiлi бiр уақыт iшiнде толық бiр айналыс жасайтын жүйесi екенiн ескерсек, бұл жүйедегi процесстердiң бәрi тiлде көрiнiс табады. Әлем, дүние дегенiмiз ─ өзара байланысқан циклдер жүйесi. «Цикл» грек тiлiнен аударғанда шеңбер деген ұғымды анықтайды. Әлемде болып жатқан процесстер белгiлi бiр циклдiк жүйемен дамиды. Цикл жаратылыстың табиғи көрiнiсi. Тiл – адам санасында тұрақталған сол көрiнiстiң бейнесi. Сондықтан тiл де циклдiк жүйеге тәуелдi болады. Бiр сөздiң нақты, тұрақты, контектiк, ауыспалы, келтiрiндi мағынада жұмсалуы әлемдегi процесстiң өзара қарым-қатынасынан туындаған. Олай болса, дүйсенбi күнi дегендегi, күні бойы дегендегі күн сөзiнiң 24 сағатқа тең уақыт өлшемiн бiлдiруi бүкiләлемдiк тартылыс заңына сәйкес жердiң күндi айналу қасиетiнен қалыптасқан. Күн деп аталатын планета атауының когнитивтiк семантикасын анықтайтын сигнификаттық мағынаның негiзiнде бұл сөз тұрақты мағынаға ие болған. Коннотаттық мағынаның негiзiнде ауыспалы мағынаға ие болған. Күн сөзiнiң циклдiк жүйесiн былайша көрсетуге болады: нақты мағынасы – планета атауы. Мысалы, Он сегiз мың ғаламның бар тынысы күнде тұр (Абай). Күнде тұр нақты мағына + ауыспалы мағына байланысқан. Тұрақты мағынасы – 24 сағатқа тең уақыт өлшемiн бiлдiретiн тәулiк. Мысалы, Шiлденiң шеке қызар, ми қайнар күнi (Ж.Аймауытов) Шілденің күні нақты мағына + тұрақты мағына.
Ауыспалы мағынасы – ешкімнің қолы жетпеу, жарқырау, баршаға жақсылық жасау ұғымына ұқсату. Мысалы, Қараңғы қазақ көгiне өрмелеп шығып күн болам! (С.Торайғыров) Күн болам ауыспалы мағына + абстракт мағына байланысқан. Циклдiк жүйемен дамыған сөз мағыналары да дербес тұрып белгiлi бiр ұғымның атын бiлдiре алады.
Сөздердің атауыштық мәнін анықтайтын семантикалық құрылым сөз тіркесі құрамындағы сөздердің нақты мағынада, абстракт мағынада, контекстік мағынада, тұрақты мағынада, ауыспалы мағынада, келтірінді мағынада байланысу жолдарын анықтап, атауыштық мәндегі синтаксистік синтагманың жүйесін құрайды. Сөздер нақты мағына мен абстракт мағыналар арқылы байланысса, атауыш қызметте жұмсалады. Контекстік мағына мен тұрақты мағыналар арқылы байланысса, сөздер стилистикалық қызмет атқарады. Ауыспалы мағына мен келтірінді мағыналарда байланысса, сөздер экспрессивті-эмоционалдық қызметте жұмсалады.
Сөздердің семасиологиялық мәнін анықтайтын құрылым сөз тіркесі құрамындағы сөздердің негізгі мағынада, номинативті мағынада, тура мағынада, категориалдық мағынада байланысу жолдарын анықтайды.
Лексикалық мағынаның семасиологиялық мәні арқылы байланысқан сөз тіркесі бір ұғымның (бір ғана лексикалық мағынаның) ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналардың байланысынан тұрып, тек қатысым әрекетінде жұмсалады.
Семасиологиялық мәннің атауыштық мәннен ерекшелігі мынада: біріншіден, семасиологиялық мән зат атауын білдіретін сөздерге ғана тән; екіншіден, семасиологиялық мән шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды танып білуге негіз болып, белгілі бір зат не құбылыстың қандай ұғымды білдіретінін анықтайды. Дәлірек айтқанда, семасиологиялық мән сөзді танып білуге негіз болатын семантикалық белгілердің жиынтығынан құралады. Мәселен, белгілі бір затты оның атауы арқылы тану үшін оның заттық белгісіне, сындық белгісіне, қимылдық белгісіне, сандық белгісіне, мөлшерлік белгісіне сүйенеміз. Олар сөздің негізгі мағына, номинативті мағына, тура мағына, категориалдық мағынада жұмсалуына негіз болып, семасиологиялық мәнді анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет