Дәріс тезистері



бет32/38
Дата01.03.2022
өлшемі451,5 Kb.
#26757
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Оған бірінші-ден, белгілі бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық факторларды (ауаның ылғалдылығы, жауын- шашынның мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауаның құрамы) жатқызуға болады, екіншіден - құрлықта тіршілік ететін ағзаларға топырақтың әсері (химиялық құрамы, физикалық және механикалық ерекшелігі) жатады; үшіншіден суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық факторлар (судын тұнықтығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы, т.б.) жатады; төртіншіден - жер бедерінің әсері (күн сәулесінің түсу ерекшелігі, беткейдің кеңістігі, т.б.) де жатады.

Биотикалық факторларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі, т. б. жағдайлар жатады, Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар арасында да және жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің тіршілік үшін бір-біріне өзара әсері немесе қасқырдың бөкенге шабуылы, т. б. әсерлерді атауға болады.Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады. Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға және айналадағы орта жағдайларына да әсер ете алады. Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығын қолайлы немесе оптимум факторлар деп атайды.Әр түр үшін белгілі бір факторлардың қолайлы мәні түрліше болады. Бір түрге қолайлы әсер, екінші бір түрге керісінше зияңды болуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі кездегі жер бетіндегі және су айдындарындағы барлық ағзалар белгілі бір заңдылықтар бойынша экологиялық факторларға байланысты таралған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет