Дәріс тезистері


Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет30/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемдер


Құрмалас сөйлемдер компоненттерінің бірінші компоненті оқиға, құбылысты жалпылау мәнінде хабарлайды да, кейінгі компоненттер оны айқындап, нақтылап, суреттеп хабарлайды, соның нәтижесінде компоненттер арасында атрибутивтік қатынас түзіледі.
Синтаксистік қатынастардың ішінде атрибутивтік қатынастағы тіркестердің алғашқы сыңары екінші сыңардағы заттың анықтауышы ыңғайында келеді. Атрибутивтік қатынастың мұндай сипаты құрмалас сөйлем компоненттерінен де көрініс табады. Зат атауы мен оның белгісінің арасындағы байланыстан туындайтын бұл қатынас түрі құрмалас сөйлем компоненттері арасында өзіндік ерекшелікке ие.

    1. Компоненттер құрамында қандай (І)– сондай(ІІ) немесе І компонентте есім сөздермен атрибутивтік қатынастағы қандай есімдіктері қолданылады: Өзі қандай көрікті болса, сөзі де сондай келісті. Қандай жүрек десеңші: адам тұрмақ жәндікті ренжітуге батпайтын жұмсақ еді («Қазақ әдебиеті»).

    2. Алғашқы компонент құрамындағы зат есімнің не есім мәнді сөздің сыны ретінде мынадай, сондай сөздері қолданылады да, келесі компонентте сол сөздердің мәні ашылады: Жаны сондай сұлу еді, қасына барып ерсі сөз айта алмайсың. Мынадай жағдай болады: сіз туған өлкеңізді көп кезесіз (З. Қабдолов)...

    3. Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемнің алғашқы компонентінің баяндауышы үнемі есім не есім мәнді өзге сөздерден жасалады деп пікір түюге болмайды. Тілдік мәнбірлер атрибутивтік қатынастағы құрмаластардың алғашқы компонентінің баяндауышы етістіктен, құрама баяндауыштардан жасалатынын да нақтылайды.

Мысалы:
Сондай оқиға біздің басымызда да болды, жапжас екі қыз басаяғы он минуттың ішінде біраз қаражатымызды олжалап үлгерді (газеттен). Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған: бірбірімен таласа көп қабатты үйлер бой көтерген (газеттен). Алғашқы компонент құрамындағы заттық мәндегі бастауыштың анықтауышы ретінде мәні келесі компонентте ашылатын сын, мөлшер мәніндегі сөздер қолданылады:
Қазақ халқының шақырмасаң да баратын, қусаң да кетпейтін екі жиналысы бар: біреуі сайлау, әсіресе болыс сайлауы(С. Шаймерденов). Асқар түс көріпті: түсінде әкесі биік жардан құлап түсіпті (З. Шашкин).
Атрибутивтік қатынастағы құрмаластарды анықтаудың өзіндік белгісі бар. Әдетте адвербиалдық қатынастағы құрмаластарды, әсіресе бағыныңқылы құрмаластарды ажыратуда басыңқы сыңардан сұрақ қойып, қос сыңардың асындағы грамматикалық қатынасты ажыратамыз. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай, атрибутивтік қатынас салалас құрылымдарда да, сабақтас құрылымдарда да орын алады. Біздіңше, компоненттер арасындағы грамматикалық қатынасты ажыратуда бір сыңарды басшылыққа алу дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бере бермейді. Жоғарыдағы сөйлемдерді атрибутивтік қатынастағы сөйлем деп тануға негіз болған – екінші компоненттің мәні. Осы жерде атрибутивтік қатынастағы құрылымдардың тағы бір ерекшелігі шығады.
Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған – Қандай өзгешеліктер болған? (түсіндірмелі) Сондай оқиға біздің басымызда да болды – Қандай оқиға? (ыңғайлас)
Асқар түс көріпті – Қандай түс көріпті? (түсіндірмелі) Ғажап оқиға болды – Қандай оқиға?
Қазақ халқының шақырмасаң да баратын, қусаң да кетпейтін екі жиналысы бар – Қандай жиналыс? (түсіндірмелі)
Өмірдің өз заңы бар екен – қандай заң? (ыңғайлас)
Егер осы сөйлемдердің екінші компонентін басқаша құрсақ, сөз жоқ, компоненттер арасындағы грамматикалық байланыс та өзгереді.
Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған, бірбірімізбен таласа айтып жатырмыз. Сондай оқиға біздің басымызда да болды, көпке дейін ұмыта алмай жүрдік. Асқар түс көріпті, онысын бәріміз естіп алғанбыз.
Қазақ халқының шақырмасаң да баратын, қусаң да кетпейтін екі жиналысы бар, оған баруға міндетті.
Бұдан шығатын қорытынды: компоненттер арасындағы грамматикалық қатынасты айқындауда екінші компоненттің құрылымының айтарлықтай үлесі бар. Етістік не құрама баяндауышты алғашқы компоненттегі субъект не объект екінші компонентте сынсапа тұрғысынан айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет