Дәріс тезистері


Адвербиалдық (пысықтауыштық) қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет32/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

Адвербиалдық (пысықтауыштық) қатынастағы құрмалас сөйлемдер


Қазақ тіл білімінде адвербиалдық қатынастағы құрмаластардың бар екендігі бұрыннан айтылып жүр. Ғалым Қ. Есенов құрмаластарды функционалды принцип негізінде сөйлем мүшелері ыңғайында топтастыру А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев еңбектерінен орын алғанын айта келіп, қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарымқатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалатынын көрсеткен еді.
Қазақ тіл білімінде құрмаластарды жіктеуде пысықтауыш бағыныңқылардың бар екендігі бұрын да, қазір де мойындалған, бірақ аталған қатынасты тек сабақтастарға ғана телу мәселесі ойлануды қажет етеді. Қазақ тілінде салаластардың да адвербиалдық қатынасқа құрылатындығына дау жоқ. Алғашқы компонент пен соңғы компоненттің арасында сабақтастардағыдай қатынас бар: Биылғы күз тым жауынды болды, шаруалар шөптерін де мезгілінде жиып ала алмады. Қоңыз інді терең қазады, өйткені қыстың ызғары өтпейді (С. Мұқанов).
Неліктен шаруалар шөптерін де мезгілінде жиып ала алмады? Не себепті қоңыз інді терең қазады?
Сондықтан адвербиалдық қатынастағы құрылымдар тек сабақтастарға ғана емес, салаластарға да тән деп қорытынды жасауға болады. Адвербиалдық қатынастың негізінде құрмаластың төмендегідей мағыналық түрлері жасалады:

  1. Мезгіл мәнді құрмаластар: Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ. Мүсірепов).

  2. Себеп мәнді құрмаластар: Сүйегі пысық жылқы еді (неліктен?), сондықтан қамшы салдырған жоқ (С. Мұқанов).

  3. Амал мәнді құрмаластар: Басымызға әңгір таяқ ойнатып, қыр соңымызға түсетіндей, Серғазыға не жазып едік (Б. Тілегенов).

  4. Мақсат мәнді құрмаластар: Оспан жұмыс басына бармақшы болып, Әйгерім мен Ерболды үйден ерте шығады (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет