Дәріс тезистері


Теңдік қатынастағы құрмаластар



бет33/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Теңдік қатынастағы құрмаластар


Теңдік қатынастағы сөйлемдерге баяндауыш тұлғасының, байланыстырушы тұлғалардың қатысы жоқ. Бұл жердегі теңдік қатынас – мағыналық теңдік турасында болмақ. Құрмаластың бұл түрінде компоненттер бір–бірімен атрибутивтік, объектілік, адвербиалдық қатынасқа түспейді, керісінше әр компонент мағыналық дербестігін сақтап, әр компонентте дербес ой айтылады. Көбінесе айтылған ой бірбірімен қанаттас, мезгілдес, кезектес, қатар орындалып жатады.
Мысалы: Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Әдетте қалыптасқан түсінік бойынша, теңдік қатынасқа тек компоненттердің баяндауыштық тұлғасы назарға алынып келді. Мағыналық теңдік дегенде, екі компоненттің бірбіріне мағыналық теңдігі ескерілгені жөн. Әдетте шылаулар құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін айқындаушы негізгі фактор болса, жалғаулықсыз салаластардың кейбір түрінде оны ажырату оңай емес. Тілімізде тек тұлғалық жағынан бағыныштылығы болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтаған сөйлемдер жеткілікті. Мұны кезінде Қ.Жұбанов, С. Жиенбаев, Қ. Есеновтер көрсеткен болатын. Мағыналық тиянақтылығына орай кезінде кейбір ғалымдар мұндай сөйлемдерді салалас деп таныған болса, енді біреулері мағыналық жағынан салалас, тұлғалық жағынан сабақтас деп таниды.
Әдетте бірбірімен синонимдес қолданылатын «мағыналық дербестік», «мағыналық тәуелсіздік» ұғымдарын құрмалас сөйлемге қатысты байқап қолданған жөн. Өйткені бір бүтіннің құрамындағы екі компонентте белгілі бір дәрежеде дербестік болуы мүмкін, бірақ тәуелсіздік болмайды. Қалай болғанда да, бүтіннің бөлшегі ретінде олар бірбіріне тәуелді позицияда тұрады.
Тіліміздегі теңдік қатынастағы құрмаластардың құрылымдық ерекшеліктері,негізінен, төмендегідей:

  1. Антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі түрлі субъектінің ісәрекет, жайкүйі салыстырыла беріледі: Жақсының сөзі майдадай, жаманның сөзі найзадай (Қашаған Күржіманұлы). Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

  2. Компоненттерінде екі түрлі пікірдің салыстырыла берілуі (синтаксистік параллелизм).

Ерлік елдің қасиеті, жүректілік – жігіттіктің қасиеті (Б. Момышұлы).

  1. Қайталаулар: Жақсы сөзді ел жаттар, ел жаттар сөзде салмақ бар (Мақал). Айсыз түндей надан жаман, Ақылсыз болса, балаң жаман (Досбол би).

  2. Ортақ сөздің немесе лексикалық корреляттардың болуы: Тұз – астың төресі, онсыз ет те, нан да дәмсіз («Парасат»).

Кейде бұл амалтәсілдер бір сөйлемде қабаттаса да қолданылады:
Шын жақсыда тарлық жоқ, Әділ сөзде зорлық жоқ. Бұл сөйлемде салыстыру да, синоним де, қайталау да кездеседі. Жалпы теңдік қатынастағы құрмаластар мазмұны жағынан бірбірімен тең түсетін екі синтаксистік параллельден түзіледі.

Сұрақтар:



  1. Компоненттер арасындағы функционалдық қатынастардың сипатына қарай құрмаластардың жіктелуі.

  2. Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің түрлері..

  3. Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдердің сипаты.

  4. Адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің сипаты. Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдердің мазмұндық ерекшелігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет