Өсімдік және көкөніс өнімдерін қазіргі заманның талаптарына сай сапа көрсеткіштерімен өндіруде топырақ негізгі орын алады. Фермерлік шаруашылық, шаруа қожалықтарында өндірілетін өнімдерді сертификаттауда, өндірілген жердегі топырақ, жер қыртысы көрсеткіштерін қатаң қадағалау керек. Оның ішінде топырақ құнарлығының агрохимиялық көрсеткіштері:
• қара топырақ пен азоттың мөлшері,
• топырақтың қышқылдығы - актуальды, потенциалды және гидрометті,
• жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшері,
• сіңірілген негіздердің қосындысы,
• жеңіл гидролизденетін азот,
• микроэлементтердің /бор, милибден, мырыш, цинк, мыс т.б./ жылжымалы түрлерінің концентрациясы
Мал азығы өнімдерінің сапасын сараптау
Пішеннің сапасы МЕМ СТ 4808-87 "Техникалық шарт" талабына сай анықталады.
Органолептикалық бақылау. Шаруашылық-ботаникалық құрамына, дақылдың өсу жағдайына байланысты пішенді /бұршақты, дәнді, бұршақты дәнді/ себілген және табиғи шабындықтан алынған болып бөлінеді. Ботаникалық құрамының сипатына және мөлшерінің көптігіне /60% жоғары/ байланысты пішен дәнді-әртүрлі шөпті немесе қияқөлең - дәнді бұршақ пішені т.с.с. атағымен аталады.
Пішеннің құрылымы /жапырағы мен сабағының қатынасы/ шикізаттың құрылымына сәйкес болуы керек. Нормадан ауытқу себебін құрамындағы қиқым, жер кесектері, ағаш талдары, залалды зиянды өсімдіктер дәндері, қаракүйе, құм, тас шыны т.б. болуынан. Пішеннің шаңын жабынды мен қағаздың үстіне қағу арқылы анықтайды. Бөлшегі 3 мм кем қоспаларды өлшеп процентке айналдырып жалпы үлгінің мөлшерінен шығарады.
Қоспаның 1%-ке дейінгі мөлшерін есепке алмайды. 1%-тен аспайтын улы және зиянды өсімдіктердің мөлшерін анықтайды.
Пішеннің жасыл түсі шөпті уақытында жинағанын кептіргенін көрсетеді. Жасыл түстен ауытқуы сапасының төмендегенін көрсетеді. Пішеннің исі, сапасының негізгі сапа көрсеткіші және оның жастығын көрсетеді. Зеңдік, шіріген исі азықтың сапа класын көрсетеді. /1 кесте/
Кесте 1
Пішеннің органолептикалық сапасына қойылатын талаптар
Түсі
|
Иісі
|
Құрылымы
|
Сапа класы
|
жасыл
|
пішенді хош иісті
|
Жақсы жапырақтанған 1%-не дейінгі қоспа
|
І
|
аздап қарайған
|
аздап пішендік
|
Сондай
|
ІІ
|
ақшыл, қарайған
|
жоқ
|
нашар жапырақтанған, 1 %-ке дейін қоспа бар
|
ІІІ
|
қарайған, сұрланған
|
зеңделген, шірік
|
Нашар жапырақтанған, 1%-тен жоғары қоспа бар
|
класқа жатпайды
|
Сүрлеменің сапасы МЕМ СТ 23638-90. Техникалық шарт сапа талабына байланысты анықталады.
Органолептикалық бақылау. Органолептикалық белгілері бойынша сүрлеменің түсі, исі және ыдырау дәрежесі анықталады.
Жақсы сүрлемеде зең жиналуынан, исі болмайды және темекі исі, қоңырқай тарту өзіндік қызыуын көрсетеді.
Органолептикалық зерттеудерді өткізгеннен кейін, үлгіні лабораториялық зерттеуге жібереді, онда құрғақ зат, шикі протеин, шикі клечатка, рН және май қышқылын анықтайды.
Лабораториялық зерттеуден кейін сүрлеменің сапа класын белгілейді және органолептикалық бағалауын қосып есептейді.
Пішендеменің сапасын анықтау МЕМ СТ 23637-93. Техникалық шарт бойынша жүргізіледі.
Органолептикалық бақылау. Бірінші кезекте түсін, иісін зеңнің болуын тексереді.
Зеңнің болуын өте қадағалау керек, себебі малдың жеуіне және физикалық-химиялық жағдайына нашар әсер етеді./2.16 кесте/
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша класын бекіткеннен кейін пішендемені лабораториялық зерттеуге жібереді. Ол үшін құрғақ зат, шикі протеин, шикі клечатка, рН және май қышқылын анықтауға нормалық құжаттардың талабы бойынша химиялық зерттеулер жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеулердің нәтижесімен бірге органолептикалық бағалауды есепке алып сапа класын бекітеді.
Қолдан кептірген азықтың сапасын анықтау. Органолептикалық бақылау. Кептіру агрегатын және дайын азықтың сапасын бағалау үшін органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштерін пайдаланады.
Химиялық зерттеуге арналған азықты лабораторияға жеткізгеннен кейін құрғақ зат, шикі протеин, шикі клечатканы анықтауға зерттеулер жүргізіледі.
Азықтың сапа класын анықтау. Әрбір азықтың сапа класын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын, органолептикалық және лабораториялық бақылауды жүргізуге міндетті.
Азықтың сапа класын анықтау мына тәртіппен жүргізіледі, басым көрсеткіштері бір класс көрсеткішіне соғатын болса, сол класс бойынша бағалайды, азықтың кейбір көрсеткіші әртүрлі сапа класына жатса немесе топтағы саны бірдей болғанша шикі протеин, ал жүгері сүрлемі үшін құрғақ зат көрсеткішінің нәтижесіне басылымдық береді.
Егер азық бір көрсеткіші бойынша класқа жатпайды деген баға алса, онда бағасы бір класқа төмен, екі немесе одан жоғары болса түгелдей класқа жатпайтын етіп бағалайды.
Азықтың сапа класын анықтау нәтижесі "Сапа паспортына" енгізіледі.
Жаздық сиыр жоңышқа. Жемге және құрама жемге дайындалғанда және қойғанда МЕМ СТ 7067-88 талаптарымен шектеледі.
Кесте 2.
Жаздық сиыржоңышқаны түсі бойынша типтеуге бөлу
Типтердің аты мен номері
|
Дән түсінің сипаттамасы
|
Типті сипаттай
тын сорттардың тізімі
|
Басқа дәндердің мөлшері, % жоғары емес
|
І- ақ
|
Негізінен тегіс ақ, кейде ашық қызғылт немесе көкшіл түспен сиыржоңышқаның басқа түстерін де жіберуге болады, егер жалпы түсін өзгертпесе
|
Богородица 800 Южноурал 153 ақ дәндер
|
2
|
ІІ-сұр
|
Негізінен тегіс сұр түсті. Сиыр жоңышқаның басқа түсетін де жіберуге болады, егер жалпы түсін өзгертпесе
|
Белодерков 874/31
Львов 60
|
5
|
ІІІ-қоңыр
|
Негізінен тегіс қоңыр түсті. Сиыр жоңышқаның басқа түстерін де жіберуге болады, егер жалпы түсін өзгертпесе
|
Жергілікті Саран, қамалы 611
Львов 31-292
Қызылуфа 49
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |