Стандарттаудың ұйымдық-құқықтық негіздері ҚР "Стандарттау туралы" заңы ҚР-сы аумағындағы стандарттаудың құқықтық негізін -ҚР –ның парламентінде қабылданып 1999 жылдың 16-шілдесінде Ел басы қол қойған ҚР "Стандарттау туралы" заңы қалыптастырады. Бұл заң 1993 жылы қабылданған "Стандарттау және сертификаттау туралы" заңының екінші редакциясы болып табылады.
Стандарттаудың ұйымдық - құқықтық қызметі негізінен 3 түрлі әлеуметтік –экнономикалық мінеттерді атқаруға бағытталған.
1/ Адамның ғылыми-техникалық, щығармашылық еңбегінің нәтижесінде жасалған объектілерді-өнім, жұмыс, қызметі реттеп игілікке жарату.
2/ Стандарттау жөніндегі нормативтік - құжаттарда ұйымдық техникалық жалпы техникалық, техникалық, табиғи деңгейін тиімді нормалар мен талаптарды белгілеу.
3/ Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген тиімді нормалар мен талаптарды пайдалану және ұстану /сақтау/.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ экономикалық- қоғамдық қатынастарды халықаралық деңгейде үйлестіру, стандарттау саласындағы біртұтас саясатты әзірлеп, жүргіруді қажет етеді. Осы мақсат үшін де "Стандарттау туралы" заң қабылданып мемлекеттік стандарт жүйесі мен стандарттаудың нормативтік базасы құрылады.
Стандарттаудың мемлекеттік жүйесіндегі заңдар мен нормативтік құжаттардағы ережелер мен талаптар өнімді өндірушілер мен сатушыларға, қызмет /жұмыс/ көрсетушілерге, жобалау конструкторлық, көлік мекемелері мен кәсіпорындарына арналған. Бұлар тұтынушылардың /заңды және жеке тұлғалардың/ мүддесін мемлекеттік тұрғыда қорғау шараларын белгілейді. Мемлекетт стандарттау жөніндегі нормативті құжаттарды әзірлеу арқылы мемлекеттік стандарттар талабын стандарттау объектілеріне міндетті түрде сақтауды /ұстануды/ мемлекеттік тұрғыда бақылап, қадағалау тәртібін белгілейді.
"Стандарттау туралы" ҚР-сы заңының құрылымы:
Бұл заң өз құрылымы бойынша төмендегі бағыттарды қамтиды:
1/ кіріспе бөлім- құқықтық қатынастардың аумағы және құқықтық негіздерін;
2/ жалпы ережелер- стандарттау туралы түсінік, заңнамалық талаптар, халықаралық стандарттау жөніндегі нормаларды;
3/нормативтік құжаттар, олардың түрлері, қолдану принциптері, оларға қойылатын талаптарлы;
4/Мемлекеттік бақылау және қадағалау. Мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымдары, оларлың жүргізілетін бақылау, қадағалау жұмыстары;
5/ заң бұзғаны үшін жауапкершілік. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік басқару орындарының қылымыстық- әкімшілік, азаматтық-құқықтық нормалары;
6/ стандарттау және мемлекеттік бақылау жұмыстарын қаржыландыру, стандарт талаптарына сәйкес өнім өндіру, жұмыс жасау, қызмет көрсетуді экономикалық ынталандыру шаралары.
Стандарттауды үйлестіру саласында маңыздылығы жағынан ҚР-ның заңынан кейін ҚР үкіметінің қаулысы орын алады. Содан кейін ҚР-ның мем . стандарттан бастап нормативтік техникалық құжаттар енеді. Егер халықаралық және ұлттық нқ-тардың маңыздылығын алып қарайтын болсақ әлемдік практикада халықаралық нқ-тың маңыздылығы жоғары тұрады. Бұл қағида техникалық кедергілер жөніндегі тарифтік келісім, дүниежүзілік сауда ұйымына және ИСО -ға мүшелік сияқты халықаралық келісім шарттарда бекітілген.