Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Дәріс №4 Тақыры:Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі /ҚРҰСЖ /



бет17/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
лекция

Дәріс №4
Тақыры:Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі /ҚРҰСЖ /.
Құзыреттіліктер- Әдістері мен құралдарын өнім сапасын талдау тәсілдерін білуі тиіс
Жоспар:

  • ҚРҰСЖ-нің жалпы сипаттамасы.

  • .ҚР-дағы стандарттау қызметі

  • Стандарттаудың ұйымдық-құқықтық негіздері-ҚР "Стандарттау туралы заңы"

  • Стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.

  • Стандарт, техникалық шарттарды әзірлеу, бекіту, қайта қарау тәртібі.

Дәріс мәтіні
ҚРҰСЖ- нің жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың ұлттық /мемлекеттік жүйесі/ ҚР-ның "Стандарттау және сертифкаттау" /1993 ж/ және стандарттау /1999 ж/ тураы заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс – шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау саласында біріңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, келісу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын /сақталуын/ мемлекеттік тұрғыдан қадағалау іс – шараларын қамтиды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы:
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган мен оның ведомствалық бағыттағы бөлімшелерінен, стандарттау саласында белгілі қзыреттілігі бар мемлекттік басқару органдарынан, стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын стандарттау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардан оның ішінде техникалық комитеттерден және Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорынан тұрады.
Мемлекеттік стандартттау жүйесінің негізгі міндеттері:

  • өнім өндіру, жұмыс, қызмет жасауды нормативтік-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;

  • өндіруші, сатушы және тұтынушылардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету;

  • мемлекет пен тұтынушылар мүддесі тұрғысынан өнім сапасы мен түрлеріне тиімді талаптарды белгілеу;

  • өнімнің өзара алмасымдылық, сыйысымдылық талаптарын белгілеу /конструктивтік, электрлік, электро-магниттік, ақпараттық, бағдарламалық т.б./;

  • өнім, оның элементтері, жинақтаушы бұйымдар, шикізат, материалдардың сипаттамалары мен көрсеткіштерін өзара байланыстыру, үйлестіру;

  • метрологиялық норма, ереже, талаптарды белгілеу;

  • өнім сапасын бақылау /сынау, талдау, өлшеу/. Сертификаттау және бағалау шараларын нормативтік-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  • материал, энергия және еңбек шығынын азайту, аз қалдықты технологияны пайдалану тұрғысынан технологиялық үрдістерге талаптар белгілеу;

  • халықаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инфрақұрылымдық кешенді /көлік, байланыс, қорғаныс салалары, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың қауіпсіздігі және т.б./ нормативтік қамтамасыз ету;

  • тұтынушының өнімнің түрлері мен негізігі көрсеткіштері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін өнімді штрихты кодтау, каталогтау жүйесін құру;

  • Қазақстан Республикасы заңдарының жүзеге асуына стандарт құрал- тәсілдері арқылы ықпал жасау.

Мемлекеттік стандарттау жүйесін практикалық тұрғыда құру, басқару жұмысын мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау органы жүзеге асырады. Бұл мекеме төмендегі міндеттерді атқарады:

  • стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

  • мемлекеттік басқару органдарының жеке және заңды тұлғалардың осы саладағы қызметін үйлестіреді;

  • мемлекеттік, халықаралық, аймақтық стандарттау жөніндегі жұмыстарға қатысады;

  • стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастырады;

  • стандарттау саласындағы кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастырады;

  • стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарды, ережелер мен ұсынымды қолдану тәртібін белгілейді;

  • стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық ережелерін, жеке және заңды тұлғалар мен техникалық комитеттер, мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылдарының әдіс-тәсілдерін белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет