Ан жұрнағын -илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен – этилен, пропанға сай – пропилен және т б. Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сәйкес алканнның -ан
Алкендердің атаулары мен изомерлері.
Нормальді алкендерді атағанда көбіне сәйкес алканның -ан жұрнағын -илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен – этилен, пропанға сай – пропилен және т.б. Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сәйкес алканнның -ан жұрнағы -ен жұрнағына алмастырылады: алкан – алкен, этан – этен, пропан – пропен және т.с.с. Алкендерді халықаралық номенклатура бойынша атауды қарастырайық:
1. Алкенннің құрылымдық формуласын қос байланысы бар ең ұзын тізбек таңдап алынады. Тізбекті нөмірлеу қос байланыс жақын орналасқан шетінен басталады.
2. Орынбасар байланысқан көміртек атомының нөмірі көрсетіліп, содан кейін орынбасар аталады. Бірнеше радикал болса, әрқайсысының орны мен аты аталады.
3. Ұзын тізбек аталады да, атаудың соңында қос байланысы бар көміртек атомының нөмірі көрсетіледі:
1 2 3 4 5 6
СН2= СН – СН – СН – СН2 – СН3
׀ ׀ СН3 С2Н5
3-метил-4 –этилгексен-1
Алкендердің радикалдары алкандар радикалдарына ұқсас аталады:
СН2= СН – этенил (винил).
Қос байланыстағы радикалдардың тривиальды атаулары:
Алкендердің екі түрлі изомериясы бар: құрылымдық изомерия және геометриялық изомерия.
Изометрия 1.Құрылымдық изомерия Молекулалық формулалары бірдей молекулалар (әрбір атомның бірдей санынан құрылған) құрылымы бойынша ерекшеленеді, яғни орналасу тәртібі мен атомдардың байланысу түріне қатысты ажыратылады.