Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет27/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі /ҚРҰСЖ /.

  2. ҚРҰСЖ-нің жалпы сипаттамасы.

  3. .ҚР-дағы стандарттау қызметі

  4. Стандарттаудың ұйымдық-құқықтық негіздері-ҚР "Стандарттау туралы заңы"

  5. Стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.Стандарт, техникалық шарттарды әзірлеу, бекіту, қайта қарау тәртібі.



Дәріс №5
Тақырыбы:Халықаралық және мемлекетаралық стандарттау.Кең көлемді халықаралық стандарттау
Құзыреттіліктер- Сала бойынша стандарттау көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау үшін бастапқы деректерді жинау және өңдеуді туралы түсінігі болуы тиіс
Жоспар:

  1. Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары.

  2. Басқару және ақпараттық стандарттар жүйесі.

  3. Әлеуметтік стандарттар жүйесі.Қызметті стандарттау.

  4. Метрологиядағы стандарттау.Экономика саласындағы стандарттау.

Дәріс мәтіні
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу, кодтаудың біріккен жүйесін стандарттау
Ұлттық стандарттарда елдің ғылыми техникалық даму деңгейіне байланысты өз ерекшеліктері қамтылады. Сондықтан біртүрлі материалдар мен бұйымдарға қарасты әр елдің стандарт талаптары бір бірінен жиі айырмашылықта болады. Бұл жағдай халықаралық сауданы дамытуға үлкен кедергі келтіреді. Сондықтан сауда қатынасын жасайтын елдердің стандарттарын бір бірімен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды. Яғни ұлттық стандарттарды халықаралық, аймақтық, мемлекет аралық стандарттар шеңберінде өзара сәйкестендіру қажеттілігі пайда болды. Осы қызметті атқару үшін стандарттау саласында әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелер құрылды.
Стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатында құрылған халықаралық мекемелердің атқару органдары және өз жарғылары болады. Бұл халықаралық ұйымдардың мүшелеріне осы халықаралық қызметті жүргізуге елеулі роль атқарушы айырықша дамыған елдер қабылданады. Дүние жүзінде тауар саудасы мәселесімен айналысатын 4000 /төрт мың/ дай ұйым бар. Олардың 400 дейі стандарттау мәселесімен айналысады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық 1921 жылдан басталған. Сол жылы 7 елдің қатысуымен болған стандарттау саласындағы конференция негізінде 1926 жылы стандарттау жөніндегі халықаралық ұлттық қауымдастық федерациясы құрылды.
1946 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен стандарттау жөніндегі халықаралық қаумыдастық /ИСО/ құрылып, жарғысы қабылданды. Ұйымдастыру әдістемесі мен құрылымы анықталады. ИСО-ның негізгі мақсаты халықаралық саудаға жәрдем ету.
ИСО-ның басқару органдары: Бас Ассамблея, ИСО кеңесі, кеңес комитеттері, техникалық комитеттер, орталық хатшылық. Бас ассамблея басқарудың жоғарғы ұйымы болып табылады. Ол жылына бір мәрте шақырылады. Бас ассамблея сессия аралығында ИСО-ның жұмысын оның кеңесі басқарады. Кеңестің басшылық қызметін ИСО-ның президенті атқарады. ИСО-ның кеңесіне стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері кіреді. Олар стандарттау жөніндегі ғылыми мекемелердің өкілдері. Президент пен кеңес мүшелері үш жылдық мерзімге сайланады. ТМД елдерінен РФ кеңесі мүшелігіне тұрақты сайлануда. ИСО-ның комитеттер құрамында қызмет салалары бойынша 52 техникалық комитет жұмыс істейді. Техникалық комитеттер ИСО-ның негізгі жұмыс органы болып табылады. Олардың құрамына қосымша комитеттер мен жұмыс топтары кіреді. Қазір олардың жалпы саны 2500 жетті.
Комитеттердің қызметтік бағыты стандарттау жөніндегі ұлттық өкілдіктердің техникалық комитеттерімен сәйкес келеді. Бұл комитеттер:
1/ стандарттың сапа жүйесі мен өнімнің сәйкестігін бағалау тәсілін зерттейді;
2/ өнімді сынау, тексеру, сертификаттауды басқару жұмыстарын жүргізеді. Сынақ зертханалары мен тексеру ұйымдарының жұмысына бағалау жасайды;
3/ ұлттық және халықаралық стадарттардың өзара ұйғарылуы, танылуына жәрдемдеседі.
Техникалық комитеттер экономика салалары және ғылыми-зерттеу, денсаулық, білім беру салалары бойынша құрылады.
Қазіргі кезде ИСО-ның стандарттары жасалмаған қандай да бір сала жоқ деп айтуға болады. Олардың саны 7500 асады. Соның ішінде машина жасау 30%, металл емес бұйымдар 12%, қазба байлықтар 9%, ақпараттық технологиялар 8,5%, ауыл шаруашылығы 9%,құрылыс 3%, көлік 2%, арнайы техника 4% және ИСО-ның негізін қалаушы стандарттары 3,5% т.б.
ИСО-ның техникалық комитетінің құрылымы ауқымды процесстерді ескеру арқылы жыл сайын жақсарып отырады. Мұнда негізгі нысана сапаны басқару және сапа жүйесіне бағытталады. 1999 жылы сапаны басқару және сапа жүйесінің техникалық комитеті /ТК/ құрылды.
Бұл комитет ИСО-ның негізгі басқару жүйесінің бірі болып саналады. Осы комитет ИСО-ның 9000 стандарттар сериясын жасап шығарды. Оларда сапаны басқарудың негізгі принцптері қамтылған. ИСО-ның іс қызметі нарықтық экономика принциптерін қатаң ұстанады. Яғни ИСО стандарттары нұсқаушылық міндеттер атқарады. Әрбір елдің оны тұтастай немесе кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе мүлде қабылдамауға да ерікті.
Алайда, әлдекім нарық бойынша тауар өндірушінің күшті бәсекелестігі олардың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ИСО-ның стандарттарын қолдануға мәжбүр етеді. Себебі ол стандарттар бизнесте озық жүрген әлемінің таңдаулы компанияларының тәжірибелеріне негізделген.
Халықаралық стандарттарды әзірлеу кезінде, стандарт талаптарын дайындауда ИСО-ның мүше өкілділіктері арасында өткір бәсекелестік туындайды.
Халықаралық стандарттау саласында ИСО-дан басқа мынадай ұйымдар бар: Халықаралық электротехникалық комиссия /МЭК/. Оның қызметі электротехника, радиоэлектроника және байланыс саласы бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу.

  • заңнамалық метрологияның халықарлық ұйымы. Мұның қызмет бағыты.

  • өлшеу құралдарынның метрологиялық сипаттарын, нормалаудың біріңғай әдістерін белгілеу, өлшеу құралдарын сәйкестендіру, метрологиялық қызмет саласындағы ғылыми жұмыстарды үйлестіру, метрология саласында біріңғай принциптерді белгілеу, кадрларды дайындау, ғылыми техникалық жәрдем көрсету.

  • сапа жөніндегі Европалық ұйым /ЕОК/. Жұмыс бағыты-сапа мәселесі жөнінен басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, анықтамалар, нұсқаулар әзірлейді. Ғылыми практикалық конференцияларды ұйымдастырады. Негізгі түрағы Лондонда. Жыл сайын конгрестер өткізеді.

  • сынақ зертханаларын тіркеу /аккредитациялау/ жөніндегі халықаралық конференция. Негізгі қызмет бағыты сынау, сертификаттау саласындағы жұмыстарды ұйлестіру. 1985 жылдан жасайды.

  • стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет. Негізгі қызмет бағыты мен мақсаты: Еуропалық мүше елдердің стандарттарын өзара үйлестіру, Еуропалық стандарттарды әзірлеу. Олар ИСО стандарттарының негізі болып табылады. Орталығы Брюссельде.

Еуропаның 7 елі қатысқан "Кодекс алиментариус" комиссиясы,БҰҰ-ның азық-түлік комиссиясының бөлімдерінің бірі. Нью-Йорктегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы /ДДСҰ/ комитетінің қызметін қосып атқарады. Оның негізгі қызметі-адам денсаулығы үшін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөнінде үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жүргізілетін стандарттау жұмысын үйлестіру.
Халықаралық 8500 –ге жуық стандарттар бар.

  • Дүниежүзілік сауда ұйымы /ДСҰ/. Оның қызметтерінің бірі халықаралық стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру. 1946 жылы тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісім негізінде құрылған. Қазіргі кезде ДСҰ-ның құрамында 144 ел бар. Бас кеңсесі Женевада. ТМД елдерінен бұл ұйымға Қырғызстан мен Молдавия мүше. Қазақстан бұл ұйымға 2005 жылы Ресеймен бірге кіруді жоспарлап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет