Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет28/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Байланысты:
лекция

Мемлекетаралық стандарттау.
Бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған мемлекеттердің стандарттау саласында біріккен саясат жүргізу туралы келісімі /наурыздың 13-і, 1992 ж./ мемлекетаралық стандарттау жүесінің негізін қалады. Осы келісім бойынша қолданыстағы мемлекеттік стандарттар /ГОСТ/ мемлекетаралық стандарттар ретінде танылды. Мұндағы ГОСТ атауы 1992 жылға дейін бұрынғы Кеңестер Одағының мемлекеттік стандарттары ретінде дүниежүзіне танымал болғандықтан, бұдан былай ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарттары үшін сол күйінде қалдырылу ұйғарылды. Ал бұрынғы ҚСРО-ның эталондық базасы ортақ жетістік болып саналады. Үкімет аралық деңгейде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі қызметі- стандарттау саласында жаңа бағыттарды қалыптастыру, мемлекетаралық стандарт жобаларын бекітуге ұсыну, стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттары мен оған жұмсалатын шығын мөлшерін қарау, қабылдау. Кеңесте қабылданған шешімдер, осы кеңеске өкілдікке енген мемлекеттер үшін міндетті болып табылады. ТМД елдерінің /12 мемлекет/ стандарттау, метрология және сертифкаттау жөніндегі ұлттық ұйымдарының басшылары мемлекетаралық кеңес /МАҚ/ мүшелері болып саналады. МАК-тың негізгі жұмысшы ұйымы-Минскідегі стандарттау, метрология және сертификаттау бюросы болып табылады. МАК жүргізген іс-шаралар нәтижесінде ҚСРО-ның нормативтік құжаттар фонды мен эталондық базасы сол күйінде сақталып қалды. Мұнда 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарт, 35 техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, физикалық шама бірлігінің 140 метрологиялық эталоны сақталуда.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің бір-бірінің ұлттық сертификаттау жүйесін өзара ұйғару үрдісі толығымен аяқталды. МАК-тың жұмыс органдары-стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттер /МАТК/ болып табылады. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және басқа стандартау саласындағы мемлекетаралық жұмыстарды жүргізумен айналысады. Мемлекеттік стандарттарды /ГОСТ/ әзірлеу жөніндегі 200-ден астам МАТК-тердің қызметі жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілген өзгерістер жылына екі рет болатын МАК жиналысының шешімімен қабылданады.
Мемлекетаралық стандарттау саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың жалпы ережесі- ГОСТ-1.0-92 де белгіленген. Стандарттардың қабылдануына екіден кем емес мемлекет дауыс берсе ол стандарт бекітілген болып саналады.
Келісімге қатысушы елдердің /ТМД/ қайсыбірі өз мемлекетінің ұлттық /мемлекеттік/ стандарттарын ГОСТ-ның жобасы ретінде ұсынуына болады. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым /ИСО/ МАК-тың ТМД көлемінде атқарып жатқан жұмыстарын бағалай отырып оны стандарттау жөніндегі халықаралық аймақтық ұйым ретінде танылады. МАК-тың іс қызметі ТМД елдерінің ИСО және дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне көптеп ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет